МӘМС қатысушыларына медициналық көмек қашан көрсетіле бастайды
![МӘМС қатысушыларына медициналық көмек қашан көрсетіле бастайды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20171027113736.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушыларға медициналық көмекті 2020 жылдың 1 қаңтарынан көрсете бастау ұсынылуда. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.