Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Таяу Шығыс доллар бағамын кері “қайтарды“, сарапшылар ықтимал сценарийлерді атады

8 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша ұлттық валюта айтарлықтай әлсіреді: KASE-де АҚШ долларының бағамы 12,32 теңгеге өсті. Tengrinews.kz редакциясы мұндай күрт өзгеріс себебін және алда не күтіп тұрғанын экономистерден сұрап білді.
Не болды?
8 сәуірдегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 475,31 теңге болды. Ал таңертең Алматы мен Астананың ақша айырбастау пунктерінде 479-480 теңгеден сатылды.
Бұл АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық бітім туралы жаңалықтар фонында болды. Дональд Трамптың соққы жасауды тоқтату және Тегеранның Ормуз бұғазын ашуға дайын екендігі туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт төмендеді.


Анықтама. Егер 7 сәуірдеде бойы Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 107–110 доллар аралығында құбылып тұрса, түн ортасынан кейін күрт төмендеу басталды – бағам шамамен барреліне 93 долларға дейін түсті. Қазіргі уақытта Лондондағы ICE биржасында Brent мұнайының маусымдағы фьючерстері барреліне 94 доллар шамасында саудаланып жатыр. WTI маркалы мұнай да бірден 14 пайыздан астамға, барреліне 95 долларға дейін арзандады.

Бұған дейін теңге тұрақты нығайған болатын
7 сәуірде ғана доллар бағамы 460,37 теңге болды – бұл 2024 жылдың маусымынан бергі ең төменгі көрсеткіш еді. Салыстырмалы түрде айтсақ: наурыздың басында доллар 502,60 теңге тұрған.
Бұған дейін сарапшылар теңгенің нығаюы – уақытша кезең деп ескерткен болатын. Геосаяси шиеленіс бәсеңдей салысымен, бағам бірден кері "қайтты".
"Бұл - нарық реакциясы": сарапшылар не дейді?
Экономист, EconomyKZ.org желілік басылымының негізін қалаушы Руслан Сұлтанов бағамның күрт көтерілуін сыртқы жағдайдың өзгеруімен байланыстырады. Оның айтуынша, АҚШ пен Иранның екі апталық бітімге келуі туралы жаңалықтардан кейін инвесторлар мұнай бағасына Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдердің үзілу қаупін қосуды тоқтатты, бұл бағаға бірден әсер етті.

"Мұнай нарығы бұған өте жылдам әрекет етті: бүгін Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 14-16 пайыз төмендеп, барреліне 91-94 долларға дейін түсті. Сонымен қатар әлемдік акциялар нарығы өсті, ал мұнайдағы бұрынғы геосаяси үстеме жылдам жойыла бастады. Теңге үшін бұл маңызды сигнал, өйткені қазақстандық валюта көбіне мұнай экспорты мен жалпы сыртқы шикізат жағдайына сүйенеді", - деп түсіндірді Сұлтанов.

Сарапшы қалыптасқан жағдайда нарықтың қозғалыс логикасы түсінікті екенін айтты: егер бұрын мұнай соғыс қаупіне байланысты қымбаттап, теңгені демеп келсе, қазір кері процесс жүріп жатыр.

"Деэскалация туралы жаңалық шығып, мұнай бағасы бір сәтте төмендегенде, валюта нарығы бұрынғы болжамдарды қайта бағалай бастайды. Сондықтан теңгенің әлсіреуі ауытқу емес, сыртқы шоктың бір бөлігінің қалыпқа келуіне байланысты нарықтық реакция болып көрінеді", – деді сарапшы.

Экономист мұнай бағасының төмендеуі шикізатқа деген сұраныстың азаюынан емес, дәл осы уақытша бітімге келуден туындағанын айтады.

"Сондықтан бағам бойынша реакция да әзірге толыққанды валюталық стресс емес, сыртқы күтулердің түзетілуі сияқты көрінеді", - деп толықтырды ол.

"Бақылаусыз құлдырау күтілмейді"
Экономист Марат Қайырленов Таяу Шығыстағы жағдай әлі де тұрақсыз деп санайды.

"Келіскендері туралы жариялады, бірақ Ормуз бұғазы іс жүзінде қаншалықты ашық болады және танкерлер әлемдік нарыққа шыға бастай ма — бұл үлкен сұрақ. Бітім уақытша болуы мүмкін", - деді Қайырленов.

Экономист сыртқы факторлардан бөлек, бағамға әсер етуі мүмкін басқа да себептерді атап өтті.

"Тағы бір белгісіздік факторы — Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасалу қаупі. Мұндай оқиғалардың болу ықтималдығы мүлдем жоқ емес және мұны да тәуекел факторы ретінде ескеру қажет", - деп түйіндеді сарапшы.

Ол сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде сақтап қалуы мүмкін екенін, бұл алдағы уақытта теңге бағамына әсер ететін қосымша фактор болатынын айтты.
Валюта түсімі азайып жатыр
Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев теңгенің әлсіреуі, ең алдымен, Қазақстаннан тыс жердегі оқиғалармен байланысты екенін айтады.
Оның сөзінше, мұнай бағасының төмендеуі аясында елде валюталық түсім азайып жатыр, сонымен бірге импорттаушылар мен бюджет тарапынан долларға деген сұраныс артып жатыр. Рубль бағамының динамикасы мен сыртқы нарықтардағы жалпы жағдай да қосымша әсер етеді. Маусымдық шығындар ішкі қысымды күшейтіп, бұл да валютаға деген сұраныстың артуына әкеледі.

"АҚШ пен Иранның бітімге келуімен байланыс жанама болуы мүмкін. Деэскалация мұнай бағасындағы геосаяси үстемені (тәуекелдерге байланысты мұнай бағасына қосылатын қосымша үстеме) төмендетеді, бұл бағаға, тиісінше теңге бағамына қысым жасайды. Осылайша, әсер бар, бірақ ол тікелей емес, мұнай нарығы арқылы жанама сипатқа ие", - деп түсіндірді Чеботарев.

Сарапшы егер сыртқы жағдай жақсармаса, қазіргі үрдіс қысқа мерзімді кезеңде сақталуы мүмкін екенін айтты.

"Сонымен қатар, күрт бақылаусыз құлдырау күтілмейді, өйткені Ұлттық банкте жағдайды реттейтін құралдар бар. Негізгі сценарий – құбылып, біртіндеп әлсірейді", - деп түйіндеді Андрей Чеботарев.

Ары қарай не болмақ?
Руслан Сұлтановтың пікірінше, бағамның алдағы жағдайы АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық келіссөздер нәтижесіне тікелей байланысты. Экономист мұнай нарығындағы жағдай әлі де шиеленісіп тұрғанын, ал жеткізу логистикасы қалпына келмегенін алға тартады.

"Бұл үрдістің тұрақтылығы бітімгершіліктің неғұрлым тұрақты деэскалацияға ұласуына тікелей байланысты. Парсы шығанағы елдерінің хабарламаларына сенсек, әлемдік мұнай ұсынысы жақын арада қалпына келмейді, ал Иранның бұғаз арқылы жүк тасымалы үшін енгізген жаңа баждарымен жиынтықта мұнай бағасы әлі де біраз уақыт жоғары деңгейде сақталады", – деп болжайды сарапшы.

Бұл теңгеге қалай әсер етеді?
Теңге үшін бұл белгісіздік жағдайын туғызады: егер нарықтарда бейбітшілікке қатысты оптимизм сақталса, ұлттық валюта алдағы уақытта да бірқалыпты қысымды сезінуі мүмкін. Дегенмен, уағдаластық бұзылса, жағдай лезде өзгереді.

"Егер бітім тұрақсыз екені анықталса, жеткізілім тәуекелдері сақталып, мұнай бағасы төмендеген позицияларын ішінара қайтарса, онда теңгеге түсетін қысым да тез арада әлсіреуі мүмкін", - деп есептейді Сұлтанов.

Қорытындылай келе, экономист бір күндік сауда-саттық негізінде асығыс шешім шығармауға шақырады. Оның айтуынша, қазір нарық геосаясатты өте жылдам қайта бағалау кезеңінен өтіп жатыр.

"Жақын күндері бағам, сірә, ең алдымен Иран, Ормуз бұғазы және мұнай туралы жаңалықтарға сезімтал болып қала бермек", – деп түйіндеді сарапшы.

Ұлттық банктегілер бұған дейін не деді?
Бұған дейін Ұлттық банк бағам динамикасы 2026 жылдың басынан бері байқалып отырған ұлттық валютаның нығаю үрдісін көрсететінін түсіндірген болатын. Ақпанда бұл тренд айтарлықтай күшейді. Ұлттық банк мәліметінше, нығаю жекелеген сыртқы оқиғаларға қысқа мерзімді реакция емес, объективті нарықтық факторларға байланысты.
Сондай-ақ Ұлттық банк икемді айырбас бағамы саясатын ұстануды жалғастыратыны, бұл теңгерімсіздікті болдырмауға және алтын-валюта резервтерін сақтауға көмектесетіні айтылды.
Еске салайық, 6 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде қалды.
Тағы оқыңыз: "Make Tenge Great Again". Доллар бағамы неге құбылып тұр және ол экономикаға қалай әсер етеді?


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net