Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Қайрат Сатыбалдыұлының 61 миллирад теңгелік бизнес-орталығы - сауда қалай өтті?

Алматыда бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Kaisar Plaza бизнес-орталығы электрондық саудаға шығарылды. Алайда сатып алушылар табылмады. Бұған нысанның өзіндік құнынан қымбат бағаға ұсынылуы себеп болуы мүмкін. Сатылымға нақты не шығарылғаны және сарапшылардың нысанды қалай бағалағаны туралы Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.
Не болды?
7 сәуірде Kaisar Plaza бизнес-орталығы аукционға 61,5 миллиард теңгеге шығарылды. Сауда-саттықты бағаны көтеру әдісімен өткізу жоспарланған болатын. Сату туралы хабарландыру 2 миллионға жуық қаралым жинағанымен, қызығушылыққа қарамастан, бірде-бір сатып алушы табылмады.

"Электрондық аукцион басталған сәтте аукцион залында сату нысаны бойынша тіркелген қатысушылар болған жоқ", - делінген e-qazyna.kz сайтында.

Скриншот: e-qazyna.kz сайтынан
Бизнес-орталық қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның иелігінде болды.
Лот құрамына не кірді?
Kaisar Plaza - бұл ауданы шамамен 64 мың шаршы метр болатын 9 қабатты тұрғын емес ғимарат. Ол Желтоқсан көшесі, 115 мекенжайында орналасқан.
Скриншот: e-qazyna.kz сайтынан
Ғимарат 2030 жылдың тамызына дейін жалға алынған, ауданы 0,72 гектарға жуық жер телімінде тұр.
Скриншот: e-qazyna.kz сайтынан
Нысан сенімгерлік басқаруда, ғимарат ішінде келісімшарт мерзімдері әртүрлі 53 жалға алушы жұмыс істейді.
Бұл ретте құжаттардағы ғимарат ауданы бойынша айырмашылықтар бар: бірінде шамамен 63,9 мың шаршы метр делінсе, екіншісінде - шамамен 56,5 мың. Бұл ауданның бір бөлігі (мысалы, панорамалық қабат) іс жүзінде шатыр болып саналатындықтан, жалпы ауданға есептелмеген.
Скриншот: e-qazyna.kz сайтынан
Ғимарат ішінде негізінен түрлі компания кеңселері орналасқан.
Скриншот: e-qazyna.kz сайтынан
Нысанды бағалау
Еске сала кетейік, сауда-саттықта бизнес-орталықтың бастапқы бағасы 61,5 миллиард теңге болды. Алайда бағалаушылардың құжаттарында басқа цифрлар көрсетілген.
Белгілі болғандай, нысанның ғимараты мен жер телімі бөлек бағаланған. Осылайша, есепке сәйкес ғимараттың нарықтық құны 44,5 миллиард теңге болады.
Скриншот: e-qazyna.kz сайтынан
Құжаттың төменгі жағында бұл баға "мәміле жасау үшін ұсынылатын баға" екені көрсетілген. Тағы бір маңызды жайт бар: бағалау 2025 жылдың қаңтарында жүргізілген және ол тек алты ай бойы жарамды болуға тиіс.
Іс жүзінде сауда-саттық кезінде бұл баға өзекті болмауы да мүмкін еді. Бірақ порталда тек бір бағалау есебі орналастырылған, басқа жаңа құжаттар жоқ. Демек, бұл сауда-саттықтағы ұсынылған баға дәл осылай болған.
Енді жер теліміне тоқталсақ. Сөз Алматының Алмалы ауданындағы ауданы 0,72 гектар жерді жалдау құқығы туралы болып отыр.
Есеп бойынша, оның құны шамамен 2,8 миллиард теңге болады. Бағалау 2025 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген.
Скриншот: e-qazyna.kz сайтынан
Осы сомаларды қосқанда шамамен 47 миллиард теңге шығады. Ал нысан саудаға 61 миллиардқа шығарылып, оның үстіне бағаны көтеру шарты қойылған.
Жалпыға қолжетімді құжаттардан шамамен қосымша 15 миллиардтың қайдан шыққанын түсіну мүмкін болмады.
Тағы бір маңызды мәселе - қосылған құн салығы (ҚҚС). Құжаттарда баға ҚҚС есепке алынбай көрсетілген, демек, сатып алу кезінде оған қосымша 16 пайыз салық қосылады. Осылайша, сатып алушы үшін түпкілікті құн лотта көрсетілгеннен де жоғары болады.
Бизнес-орталық қандай жерде орналасқан?
Осыдан он жыл бұрын Желтоқсан, 115 мекенжайындағы құрылыс төңірегінде үлкен дау туындаған болатын. Сол кезде ол жерде Kaisar Plaza бизнес-орталығы бой көтере бастаған еді.
Бұрын бұл жерде ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің ғимараты - 1954 жылғы архитектуралық ескерткіш орналасқан. Алматылықтар оны қала тарихының бір бөлігі деп санады.
Анықтама: Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті - Қазақ КСР-інде орталықтандырылған экономикалық жоспарлауды жүзеге асыратын, халық шаруашылығын дамыту жоспарларын әзірлейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын одақтық-республикалық орган.
Фото: mk-kz.kz сайтынан
2015 жылы ғиамарат бұзылатыны жарияланғанда, белсенділер қарсы шығып, қол жинап, нысанды сақтап қалуды талап етті. Бірақ ғимарат бәрібір бұзылды. Кейін оның орнына Kaisar Plaza бизнес-орталығы салынды.
Kaisar Plaza Сатыбалдыдан не үшін алынды?
Қайрат Сатыбалдыұлы - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.
Анықтама: Қайрат Сатыбалды қауіпсіздік органдарында көп жыл бойы жұмыс істеген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК) офицерлік лауазымдарды атқарды, содан кейін Астана әкімінің орынбасары және Kazakh Oil ұлттық компаниясының вице-президенті болған. Кейін ҰҚК-ге оралып, 2003 жылдан 2005 жылға дейін басшылық қызметтер атқарды. Ол "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясына ауысып, 2005 жылдан 2006 жылға дейін вице-президент қызметін атқарды. Кейінірек ол "Дүние" корпорациясының директорлар кеңесін басқарды және "Нұр Отан" партиясының хатшысы болды. 2015 жылдан бастап бизнеспен айналысып, Alatau Capital Invest компаниясының басқарушы серіктесі болды.
2022 жылы ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол "Қазақтелекомға" 12 миллиард теңгеден аса шығын келтіріп, "Көлік сервисі орталығының" мүлкін талан-таражға салуға қатысы болған.
2023 жылы тергеу басқа эпизодтар бойынша жалғасты. Қаңтарда Сатыбалдыұлы ақшаны жылыстату ісі бойынша кінәсін мойындады. Осы оқиғалар аясында 2024 жылы Kaisar Plaza бизнес-орталығы оның мемлекетке қайтарған активтерінің тізіміне енді.
Осы тергеу амалдарынан кейін Қайрат Сатыбалдыдан көптеген ірі актив тәркіленіп, мемлекетке қайтарылды. Аралық бағалау бойынша, олардың жалпы құны 730 миллиард теңгеден асқан.
Олардың ішінде:

Алматыдағы Kaisar Tower бизнес-орталығы (7,9 миллиардтан астам), университетке берілді;
құны 800 млн теңгеден асатын әкімшілік ғимарат - Жүргенов атындағы Өнер академиясына берілді;
Астанадағы жалпы құны 5 млрд теңгеден асатын үш зәулім үй - олар мүмкіндігі шектеулі балалар орталығына берілді.

Сондай-ақ мемлекет меншігіне ірі коммерциялық нысандар өтті:

Kaisar Plaza - шамамен 33,5 миллиард теңге;
DoubleTree by Hilton қонақүйі - 6,49 миллиард теңге;
АрСат бизнес-орталығы - 8,9 миллиард теңге;
Maisat бизнес-орталығы - 5,2 миллиард теңге;
Мегатау сауда үйі - 8,9 миллиард теңге;
"Байсат" базары - 15,9 миллиард теңге;
Астанадағы Оптимум бизнес-орталығы - 3,2 миллиард теңге.

Бұдан бөлек шетелден де активтер - ондаған миллиард теңгеге тең ақша, жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздар қайтарылды. Оның ішінде Австрия, Лихтенштейн, Түркия және БАӘ-ден қайтарылған мүліктер бар.
Олардың қатарында: Дубайдағы шамамен 20 миллиард теңге тұратын екі вилла, Францияның Лазурлы жағалауындағы 4 миллиард теңгеге жуық төрт пәтер, Мәскеудегі 15 жылжымайтын мүлік нысаны - 5 миллиард теңге, Түркиядағы (Бодрум мен Стамбул) жылжымайтын мүлік - 4 миллиард теңгеден астам.

Нәтижесінде, 2024 жылғы тамызда Өскемен соты Қайрат Сатыбалдыұлының жазаны жеңілдету туралы өтінішін қарады. Сот өтінішті қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасының қалған бөлігін 3 жыл, 3 ай және 7 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырды.
Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары тағы да сатылымға шығарылғанын жазған едік.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net