Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған “Байсат“ базары тағы да сатылымға шығарылады

Алматыдағы "Байсат" базары тағы саудаға шығарылады. Бұған дейін ол Қайрат Сатыбалдыұлының ұлы - Бауыржан Нұрсұлтанның иелігінде болған еді. 2024 жылы Қайрат Сатыбалдыұлы базардың басым бөлігін мемлекетке ерікті түрде өткізді, ал кейінірек прокуратура сот арқылы бұл активтің тағы бір бөлігін қайтарып алды. Оқиғалар хронологиясы мен базарды сату әрекеттері туралы толығырақ - Tengrinews.kz материалында.
Мән-жайы
Алматыдағы "Байсат" базары осымен төртінші рет сатуға шығарылып жатыр.Қазіргі уақытта нысан Қайтарылған активтерді басқару комитеті қарамағында.
Сауда 8 сәуірге белгіленген. Бұл жолы базар 28 639 882 000 теңгеге бағаланған.e-qazyna.kz сайтынан скриншот
Базарды бұрын қалай сатпақ болды?
Алғаш рет актив саудаға 2025 жылдың қыркүйегінде 28,6 миллиард теңгеге шығарылды. Бірақ бірде-бір өтінім түспегендіктен, аукцион өтпеді.
Екінші әрекет 2025 жылдың аяғында жасалды: бағасы шамамен екі миллиард теңгеге - 26 миллиардқа дейін төмендетілді, бірақ ол кезде де сатып алушылар табылмады.2026 жылдың қаңтарында Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) "Байсатты" максималды жеңілдікпен - 24,7 миллиард теңгеге сататынын жариялады.

"Үшінші аукционның бастапқы бағасы алғашқы бағалаудан барынша төмендетілді, бұл сауданы әлеуетті инвесторлар үшін өте тиімді етеді. Бұл активті максималды жеңілдікпен тиімді сатып алудың бірегей мүмкіндігі", - деп хабарлады ҚАБК өкілдері.

Алайда ол жолы да сатып алушы табылмады. Қазір активті төртінші рет сатуға тырысып жатыр, бірақ бұл жолы жеңілдіксіз - 28 миллиард теңгеге.
Сатып алушыларға не ұсынылған?
Лот құжаттарында базардың ресми түрде "Көтерме-бөлшек сауда орталығы" компаниясына тиесілі екені және Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолы, 7-үй мекенжайында орналасқаны көрсетілген.e-qazyna.kz сайтынан скриншот
Оның құрамында жалпы ауданы 13 гектар болатын екі жер учаскесі бар, екеуі де жеке меншікте.e-qazyna.kz сайтынан скриншот
Базар аумағында сауда үйлері мен блоктары, қоймалар, әкімшілік ғимарат, асхана, бақылау-өткізу пункті және шаруашылық үйжайлары орналасқан.e-qazyna.kz сайтынан скриншот
Бағалаушылардың ақпараты бойынша, базар "орта кәсіпкерлік" класына жатады.e-qazyna.kz сайтынан скриншотІс жүзінде "Байсат" ашық қатарлары мен павильондары бар әдеттегі үлкен базарға ұқсайды. Онда азық-түліктен бастап сантехника, киім-кешек пен құрылыс материалдарына дейін бәрі сатылады.e-qazyna.kz сайтынан скриншот2025 жылдың бірінші жартыжылдығында базар 1 миллиард теңгеден аса табыс тапқан. Бұл негізінен үйжайларды жалға беруден түскен қаражат.e-qazyna.kz сайтынан скриншот
Компания туралы не белгілі?
"Көтерме-бөлшек сауда орталығы" ЖШС - "Байсат" базары мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін сеніп тапсырылған компания. Kompra.kz деректері бойынша, ол шамамен 1 жыл 8 айдан бері жұмыс істеп келеді және қайтарылған активтерді басқару құрылымына тиесілі.
Компания сауда алаңдарын жалға беру және базарды басқарумен айналысады. Басшысы - Мұхтар Есболғанов. Жұмыс істеген уақытында компания 1,6 миллиард теңгеге жуық салық төлеген.kompra.kz сервисінен алынған скриншот
Сатыбалдыұлы базардан қалай айырылды?Қайрат Сатыбалдыұлы - Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. 2022 жылы ол 6 жылға сотталған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол "Қазақтелекомға" 12 миллиард теңгеден аса шығын келтірген және "Көлік сервисі орталығының" мүлкін талан-таражға салуға қатысы болған.2023 жылы тергеу басқа эпизодтар бойынша жалғасты. Қаңтарда Сатыбалдыұлы ақшаны жылыстату ісі бойынша кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірі аясында ол "Байсат" базарының үлкен бөлігін мемлекетке ерікті түрде өткізді. Бұл бизнес оның ұлы - Бауыржан Нұрсұлтанның атына рәсімделген болатын.2024 жылдың қаңтарында прокуратура сот арқылы "Байсат" базарының екінші бөлігін де мемлекетке қайтарды. Ол кезде сот "Холдинг Алматы жылу" кешенінің (қазіргі - "Байсат" базары) мүлкімен жасалған барлық мәмілені жарамсыз деп танығаны хабарланды.

"Сотта кешенді заңсыз сату деректері расталды, олар мүлікті бағалау туралы төрт жыл бұрынғы ескірген есепті қолданудан, қызмет бейінін сақтау бойынша міндетті сату шартының орындалмауынан және мүлікті иеліктен шығаруға тыйым салу туралы шарт талаптарының сақталмауынан көрінді", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Әңгіме жалпы ауданы шамамен 4,2 мың шаршы метр болатын үш нысан мен 1,4 гектар жер учаскесі туралы болып отыр. Бұған дейін бұл актив аффилиирленген компаниялар - "КазГерСтрой" ЖШС мен Astana Financial Group иелігінде болған.
Сатыбалдыұлынан не тәркіленді?
Тергеу амалдарынан кейін Қайрат Сатыбалдыұлынан бірқатар ірі активтер тәркіленіп, мемлекетке өткізілді.
Антикор кадры
Олардың қатарында Алматыдағы құны 7,9 миллиард теңгеден асатын Kaisar Tower бизнес-орталығы бар, ол университетке берілді. Сондай-ақ 800 миллион теңгеден асатын әкімшілік ғимарат Жүргенов атындағы Өнер академиясының иелігіне өтті.
Астанада жалпы құны 5 миллиард теңгеден асатын үш зәулім үй мүгедектігі бар балаларға арналған орталыққа берілді.
Сондай-ақ мына нысандар тәркіленді:

Алматының ескі орталығында орналасқан Kaisar Plaza сауда және кеңсе орталығы, құны 33,5 миллиард теңге.
DoubleTree by Hilton қонақүйінің ғимараты - 6,49 миллиард теңге.Қаланың жоғарғы бөлігіндегі "АрСат" бизнес-орталығы - 8,9 миллиард теңге.
Maisat бизнес-орталығы - 5,2 миллиард теңге.
"Көк базардағы" "Мегатау" сауда үйі - 8,9 миллиард теңге.
Барахолкадағы "Байсат" базары - 15,9 миллиард теңге.
Астанадағы "Оптимум" бизнес-орталығы - 3,2 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, Қазақстанға шетелден активтер - ақша, жылжымайтын мүлік және бағалы қағаздар қайтарылды. Сөз Австрия, Лихтенштейн, Түркия және БАӘ-ні қоса алғанда, түрлі елдерден қайтарылған ондаған миллиард теңге туралы болып отыр.
Бұл тізімде: Дубайдағы құны шамамен 20 миллиард теңге болатын екі вилла, Францияның Лазурлы жағалауындағы 4 миллиард теңгелік төрт элиталық пәтер, Мәскеудегі шамамен 5 миллиард теңгеге бағаланған 15 жылжымайтын мүлік нысаны, сондай-ақ Түркиядағы (Бодрум мен Стамбул) жалпы құны 4 миллиард теңгеден асатын екі вилла мен пәтерлер бар.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net