ҚазҰУ – шетелдік студенттің жаңа үйі
Шетелде оқу – әр студент үшін үлкен тәжірибе. Жаңа елге келу, жаңа адамдармен танысу және басқа ортаға үйрену алғашында қиын көрінуі мүмкін. Бірақ дұрыс орта табылса, бұл кезең қызықты әрі ұмытылмас уақытқа айналады. Мен үшін сондай орта – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Мен – Лайла, ұлтым қазақ болғанымен, Моңғолияда дүниеге келгенмін. Қазіргі таңда ҚазҰУ-дың Экономика факультетінде білім алып жатырмын. Бұл университетті таңдаған сәттен бастап мен өзіме үлкен мақсат қойдым: тек білім алып қана қоймай, жаңа ортаға толық бейімделу. Алғашында бәрі бейтаныс көрінді – адамдар, жүйе, қала. Бірақ уақыт өте келе бұл орта маған жақын бола бастады.
ҚазҰУ-дың ерекше тұстарының...