ҚазҰУ-мүмкіндіктер мекені
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тек диплом беретін оқу орны емес, бұл студенттің кәсіби және тұлғалық деңгейін көтеруге бағытталған алып ресурс. Көптеген жастар үшін бұл есім беделдің нышаны болса, іс жүзінде ҚазҰУ студентке маман болып қалыптасу үшін келесідей нақты құралдар мен айқын басымдықтарды ұсынады.
Халықаралық серіктестік және қос диплом бағдарламалары. Университет әлемнің 600-ден астам жетекші оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Бұл — жай ғана статистика емес, студенттер үшін ашылған нақты мүмкіндіктер есігі. Мәселен, қос диплом бағдарламасы аясында студенттер ҚазҰУ-мен қатар Францияның Лотаринг, Лилль және Реймс университеттерінің, Испанияның Кадис, Италияның Ла Сапиенца, Германияның Висмар немесе Польшаның Николай Коперник университетінің дипломын...