Қоян мен тасбақа
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызылда, құйрық жүні ұзында бір қоян болыпты. Бір күні келе жатып, тасбақаны көріпті.
Ол тасбақаға былай дейді:
— Ооо, достым, қайда бара жатсың?
— Бүгін күн қандай тамаша? Серуендеуге шықтым. Өзіңмен кездесу бір ғанибет, кездесуімізді атап өтпедік пе? – депті тасбақа.
Сөйтіп дереу нан жабатын таба тауып, ұннан қамыр жасап, нан пісірмекші болыпты. Екеуі пісіріп жатқанда қоянның ойына бір арам ой келіпті.
«Бұл нанды қалай өзім жесем екен?»,- деп әрі ойланып, бері ойланып тасбақаға былай депті:
— Тасбақа досым, былай істейміз бе? Мына табаны төбеден төменге қарай зырғытып жіберейік. Кім бірінші жетсе,...