Қоян мен кірпі
Ерте, ерте, ертеде орманда мейірімді кірпі мен оның досы өмір сүріпті. Бір күні кірпі орманға серуендеуге шығып, өзімшіл қоянды кезіктіреді.
— Сәлем! Не істеп жатырсың? — деп сұрады қоян.
—Қыдырып жүрмін, — деп жауап береді кірпі.
— Ха-ха-ха! — деп күлді қоян. — Қысқа аяғыңмен қалай серуендеп жүрсің?
Осы сөздерге ренжіген кірпі қоянға былай дейді:
— Екеуіміз жарысайық, сонда көрерміз кімнің мықты екенін.
Қоян бұған келіседі. Кірпі:
— Мен қазір үйге барамын, таңғы ас ішіп келемін. Содан кейін жүгіреміз, — деді.
Кірпі үйге келіп досына:
— Біз қоян екеуіміз жарысамыз, — деді.
Ал досы:
— Ох, қоянмен қалай жарысасың, ол сенен жылдам ғой......