Патша мен бұлбұл
Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты. Оның сарайы әлемдегі ең көркем, зәулім сарайлардың бірі болыпты. Бірақ патша өз иелігіндегі салтанатқа аса мән бермейтін бейбақ бір патша болыпты. Сарай маңында сарайдың әсемдігімен жарысқан, әлемдегі ең әдемі гүлдер өскен үлкен бір бау-бақша болыпты. Халықтың айтуынша, ең ғажабы — сол бақшада мекендейтін бір бұлбұл болыпты. Сондай әдемі дауыспен сайрайтын бұл құстың атақ-даңқын естігендер ұзақ елдерден де келіп көруге асығатын болыпты. Бір күні бұлбұлдың даңқы патшаның да құлағына жетіпті.
Алайда патша бұл хабардан хабарсыз болғанына қатты ашуланып, уәзірін шақырып:
— Бұл қалай болғаны!? Неге менің хабарым жоқ сарай бақшасындағы бұлбұлдан? — депті. Уәзір оған жауап...