Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Жас шамасынан еңбек өтіліне көшу – Қазақстанның зейнетақы жүйесін өзгерту ұсынылды

Сенатор Амангелді Нұғманов Қазақстанның қолданыстағы зейнетақы жүйесін қайта қарауды ұсынды. Ол тиісті депутаттық сауалды премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламентарий пікірінше, зейнетақы жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға, еңбек нарығына және қазақстандықтардың нақты еңбекке қабілеттілігіне сәйкестендіру қажет.
Нұғмановтың пайымдауынша, зейнетақы моделі икемдірек болуы тиіс және тек жас шамасын емес, сонымен қатар еңбек өтілін, денсаулық жағдайын және адамның еңбек қызметін жалғастыруға нақты қабілетін ескеруі керек.
Сенатор не ұсынды?
1. Жас шамасынан еңбек өтіліне көшу
Негізгі ұсыныс — зейнетақы негізінен жас шамасы бойынша тағайындалатын жүйеден кезең-кезеңімен бас тартып, еңбек өтіліне негізделген модельге көшу.

"Зейнетақыны тағайындаудың негізінен жас шамасына байланысты моделінен еңбек өтіліне негізделген модельге кезең-кезеңімен көшу мәселесін қарастыру орынды деп саналады", - делінген сауалда.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда азамат қажетті еңбек өтіліне жеткеннен кейін зейнетке шығу уақытын өзі анықтай алады, бұл шешім үшін экономикалық жауапкершілікті де өзіне алады.
2. Күштік құрылымдар үшін бұрыннан бар қағида
Нұғманов елде әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы бар екенін еске салды. Оның пікірінше, енді ұқсас жүйені басқа азаматтар санатына да енгізуді талқылауға болады.
3. Денсаулық жағдайы бойынша зейнетке шығуға рұқсат беру — мүгедектіксіз
Тағы бір ұсыныс созылмалы, кәсіби немесе үдемелі ауруларға байланысты объективті түрде жұмысын жалғастыра алмайтын, бірақ ресми мүгедектігі жоқ адамдарға қатысты.

"Қосымша әлеуметтік маңызды аспект — республиканың зейнетақы жүйесінде денсаулық жағдайына байланысты, яғни мүгедектік тобы белгіленбей мерзімінен бұрын зейнетке шығудың құқықтық тетігі жоқ", - деп атап өтті депутат.

Амангелді Нұғмановтың пікірінше, қолданыстағы заңнама мүгедектікті ресми тануға тым қатаң байланған және еңбекке қабілеттілігі шектеулі азаматтардың кең ауқымын қамтымайды.
4. Медициналық көрсеткіштер бойынша зейнетке шығу құқығын бекіту
Сенатор Әлеуметтік кодекске денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізбесі негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша зейнетке шығуға мүмкіндік беретін норманы енгізуді ұсынды.
Оның пікірінше, бұл құқықтық олқылықты жойып, әлеуметтік әділеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
5. Қалпына келген жағдайда еңбек ету құқығы
Еңбекке қабілеттілік қалпына келіп, бұл медициналық қорытындымен расталған жағдайда, адамның конституциялық еңбек ету құқығы автоматты түрде қалпына келтірілуі тиіс, деп атап өтті парламентарий.
6. Бюджет пен зейнетақы жүйесіне жүктемені азайту
Сенатор ұсынылған өзгерістер зейнетақы жүйесін неғұрлым тұрақты етуге көмектеседі деп санайды.

"Бұл реформаны іске асырудың күтілетін нәтижесі жұмыссыздық деңгейін төмендету, масылдық көңіл-күйді қысқарту және азаматтардың еңбекке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру болады", - делінген сауалда.

Нұғмановтың пікірінше, бұл сондай-ақ мемлекеттік бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түсетін жүктемені азайтуға көмектеседі.
7. Жұмыс тобын құру
Нұғманов барлық ұсынысты пысықтау үшін мемлекеттік органдар, депутаттар, ғалымдар, сарапшылар, кәсіподақтар және азаматтық қоғам институттары қатысатын арнайы ведомствоаралық топ құруды ұсынды.
Оның пікірінше, дәл осындай алаң "біріктірілген, теңгерімді және қоғам қолдайтын шешімдер" әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сенатор сауалында жаңа Конституцияға және адамға бағдарланған қағидаға, сондай-ақ конституциялық реформаларды заңнамадағы нақты өзгерістермен үйлестіру қажеттілігіне сілтеме жасады.
Мән-жайы
Қазақстанда зейнетақы жүйесіндегі басқа да өзгерістер қатар талқыланып жатыр. Атап айтқанда, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын қайта бөлу мүмкіндігі туралы хабарлаған болатын.
Мәселене жұмыс берушінің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарналары туралы болып отыр. Талқыланып жатқан нұсқаға сәйкес, 4 пайызын қызметкерлердің жеке шоттарына, ал 1 пайызын ортақ сақтандыру қорына бағыттау жоспарланған.
Министрдің айтуынша, мұндай модель жүйедегі теңгерімсіздікті жоюға көмектесуі тиіс, өйткені кейбір азаматтардың зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болып жатады. Ортақ қор есебінен қазақстандықтарға өмір бойғы төлемдерді қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Реформа бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ — оны 1 маусымға дейін әзірлеу жоспарланып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net