Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Ушудан әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсеткен спортшылар елге оралды

Ушудан Қазақстан жастар құрамасы Қытайдағы әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті. Оларды бүгін көпшілік Алматы әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Мерекелік атмосфераҰшу залында нағыз мерекелік көңіл күй орнады. Спортшыларды жақындары, федерация өкілдері, журналистер мен жас ушушылар қарсы алды.

Фото © Tengrinews.kz / Болат АйтмолдаҰлттық киім киген қыздар қонақтарға бауырсақ ұсынса, домбыра мен баянның сүйемелдеуімен орындалған жанды дауыстағы музыка көтеріңкі көңіл күй сыйлады.



Фото © Tengrinews.kz / Болат АйтмолдаӘуежайда жүлдегерлерге бірден ақшалай сыйақы табысталды:

қола медаль үшін - 200 мың теңге,күміс медаль үшін - 300 мың теңге,алтын медаль үшін - 500 мың теңге.

Сондай-ақ спортшылардың жеке бапкерлері мен құрама жаттықтырушыларына федерация атынан ақшалай сыйлықтар берілді.

Фото © Tengrinews.kz / Болат АйтмолдаӘмирдиновтың тарихи алтыны
Турнирдің басты қаһармандарының бірі 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын иеленген - Ильдар Әмирдинов. Оның жеңісі Қазақстан тарихында ушу-саньдадан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы алтын медаль болды.
Ильдар Әмирдинов. Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Спортшының өзі бұл жетістіктің ауқымын әлі толық сезіне қоймағанын айтады.

"Алғашқы қарсыласым өте мықты болды, екі раунд оңайға соқпады. Финалда Мысырдан келген физикалық тұрғыдан мықты спортшымен кездестім, бірақ барымды салып, жеңіске жеттім. Шыны керек, бұл тарихтағы алғашқы алтын екенін кеше ғана білдім. Әлі де өзімді әлем чемпионы ретінде сезіне алмай тұрмын", - деді Әмирдинов.

Сондай-ақ ол бұлай қарсы алады деп күтпегенін атап өтті.
"Анашым, маған сеніңіз, мен чемпион боламын!"
Оның анасы Эляонора Акбарова толқынысын жасыра алмады. Эляонора Акбарова. Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Шынымды айтсам, бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өте қуаныштымын! Ол финалға шыққанда бізде түнгі сағат үш болатын. Салмақ өлшеу алдында телефонмен сөйлестік. Мен дұға етіп, батамды бердім. "Тіпті екінші орын алсаң да, бұл - үлкен еңбек, бұл деңгейге бәрі бірдей жете бермейді" дедім. Бірақ ол: "Анашым, маған сеніңіз - мен чемпион боламын!" - деп жауап берді. Жүрегім шыдамай, жекпе-жекті көре алмадым. Оның жеңгенін естігенде көз жасыма ие бола алмадым. Бұл сезімді әлі де суреттеп жеткізе алмаймын", - деді чемпионның анасы.

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Азиз Маюфи бұл табыстың маңыздылығына тоқталды.
Азиз Маюфи. Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Қызу дайындық жүргізіп, жоғары деңгейде нәтиже көрсеттік. Турнирге 78-ден астам елден 1000-нан астам қатысушы келді. Өте жақсы нәтижелер көрсеттік. Республикамыздың тәуелсіздік жылдарында бұл - алғашқы алтын медальдар. Біздің жігіттер бірден үш алтын алды. Барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, лайықты нәтижеге қол жеткізді", - дейді Азиз Маюфи.

Оның айтуынша, алда команданы жаңа міндеттер күтіп тұр.

"Алда Азия ойындары бар, уақытын сәл кейінірек анықтаймыз. Негізгі мақсат - Азия ойындарында алтын медальдарды жеңіп алуға тырысу", - деп толықтырды ол.

Айта кетейік, биыл жаттығу процесінің жемісті болуы үшін көптеген әлем чемпиондары мен халықаралық турнир жеңімпаздарын тәрбиелеген тәжірибелі бапкер-кеңесші Магомедкамиль Рабаданов шақырылған болатын.
Ол дайындық барысында Қытайдағы оқу-жаттығу жиындары мен жергілікті спортшылармен спаррингтер өткізілгенін атап өтті.
Магомедкамиль Рабаданов. Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Ең алдымен барша қазақстандықтарды осындай сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймын. Бұл бүкіл команданың ауқымды әрі қажырлы еңбегінің нәтижесі. Дайындық желтоқсанда басталды. Біз оқу-жаттығу жиындарын, соның ішінде Қытайдағы мамандандырылған ушу мектебінде өткіздік. Онда қытайлық спортшылармен спаррингтер өткіздік, бұл деңгейімізді айтарлықтай көтеруге көмектесті. Әр спортшы ел намысын қорғап жатқанын терең сезінді. Мақсат тек шығып жекпе-жек өткізу емес, Қазақстанның абыройын қорғау болды. Бұл белгілі бір мағынада спорттық ерлік деуге болады. Сәуірде Қазақстан чемпионаты өтеді, оның қорытындысы бойынша Азия ойындарына қатысатын құрам жасақталады. Азия ойындары - ең маңызды жарыстардың бірі, біздің алдымызда онда барынша сәтті өнер көрсету міндеті тұр", - деп бөлісті Магомедкамиль Рабаданов.

Чемпиондардың көңіл күйіӘлем чемпионы Богдан Неумывакин (80 келі) бұл оның алғашқы медалі екенін айтты. Финалдық жекпе-жекте ол Дағыстаннан келген Якуб Азизовпен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.
Богдан Неумывакин. Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Әлі де сенбей тұрмын. Қуаныш та, қобалжу да болды. Ең қиыны дайындық болды, әсіресе салмақ түсіру - 9 келі тастауға тура келді", - деді ол.

Спортшы жақын арада жаттығуға қайта оралатынын айтты:

"Бір-екі күн демаламын да, қайтадан залға барамын. Алда Қазақстан чемпионаты, бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз".

Ушудан әлем чемпионаты Қазақстан үшін тарихи оқиға болды
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтmolда
Айта кетсек, 23-31 наурыз аралығында Тяньцзиньде (Қытай) өткен, 78 елден 1100-ден астам спортшы қатысқан 10-шы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетіп, 10 медаль (3 алтын, 3 күміс және 4 қола) иеленді. Бұл - тәуелсіз Қазақстан тарихында ушудан ұлттық жастар құрамасының әлемдік додада бірден үш алтын алған алғашқы ірі деңгейдегі жарыс. Ушудың жекелеген пәндері 2026 жылы Дакарда өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуіне байланысты бәсекелестік өте жоғары болды.
Турнирде Қазақстан намысын 15 спортшы қорғады: төртеуі таолу, 11-і саньда бойынша.
Даниил Джеджула түрлі жарыста 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Роман Помазанский тартысты бәсекеде Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Айару Мұхаметова үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді. Әлижан Мұхаметов басқа елдердің 30-дан астам спортшысын артта қалдырып, қола медальға ие болды.
Ал құраманың ең жас мүшелерінің бірі әрі әлем чемпионаты қатысушыларының ішіндегі ең кішісі - Амир Машанло қарсыластарынан жасы кіші болғанына қарамастан, ушу-саньдадан үздік үштікке еніп, қола медаль жеңіп алды.
Фото © Tengrinews.kz / Болат АйтмолдаҚазақстанға медаль сыйлағандар
Жастар арасында әлем чемпиондары атанғандар:

Ильдар Әмирдинов (48 келі),
Сухраб Әділов (75 келі),
Богдан Неумывакин (80 келі).

Күміс медаль иегерлері:

Роман Помазанский (дуйлянь),
Данил Джедула (дуйлянь, наньцюань).

Қола жүлдегерлер:

Әлижан Мұхаметов (даошу),
Айару Мұхаметова (гуньшу),
Данил Джедула (наньдао),амир Машанло.

Қытайдағы әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасы
Ушу-саньда (саньшоу) - қолмен және аяқпен соққы беруді, сондай-ақ лақтыру техникасын біріктіретін заманауи қытайлық толық контактілі жекпе-жек түрі (ұстауға 5 секундқа дейін рұқсат етіледі).




Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net