Су перісі
Ұшы-қиыры жоқ теңіздің тереңін су перілері мекендепті. Перілер патшасының алты сұлу қызы болған. Ханшалар он беске толғанда ғана теңіз бетіне көтерілуге рұқсат алады.
Жылдар өтіп, кенже ханша да он беске толады. Ол жоғарыға көтеріліп, жартасқа отырып жан-жағына көз тастайды. Сол кезде жақын маңда үлкен кеме көрінеді.
Кеменің үстінде адамдар, ал олардың арасында бір жас ханзада ерекше көзге түседі. Кенет дауыл басталып, толқындар кемені шайқап, ақыры суға батырып жібереді. Қыз бірден ханзаданы іздейді де, оны толқындардан құтқарып, жағаға шығарады.
Ол ханзаданы құмға жатқызып, алыстан адамдар келіп, көмектесер деп күтеді. Осы сәтте жақын маңдағы ақ үйден бір топ қыз шығады. Қыздардың бірі...