ҰҚК ауқымды операциясы: автомат, тапанша және гранаталар тәркіленді
Жыл басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымына жол бермеу үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.ҰҚК мәліметінше, 118 қару тәркіленген, оның ішінде 6 Калашников автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша, 15 граната мен 859 оқ-дәрі бар.ҰҚК баспасөз қызметіҰҚК баспасөз қызметі
"Бұл деректер бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деді ҰҚК өкілдері.
ҰҚК баспасөз қызметіҰҚК баспасөз қызметіҰҚК баспасөз қызметі
Еске сала кетейік, бұған дейін ҰҚК шетелдік қызметтердің қатысуымен өткен арнайы операциялар туралы мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері есірткі тасымалының 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасы жойылып, 5 астыртын зертхананың қызметіне тосқауыл қойылған.