Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Бақыт деген не өзі?
Әр адам бақыт ұғымын әртүрлі түсінеді. Біреу үшін бақыт – байлық пен атақ болса, енді біреу үшін – денсаулық пен тыныш өмір. Демек, “бақыт деген не?” деген сұраққа бір ғана нақты жауап беру мүмкін емес. Дегенмен, бақыт – баршаға ортақ ең қымбат құндылық.
Бақытты тек бір нәрседен іздеу қате. Ол – өмірдің әр сәтінде жасырынған сезім. Көп жағдайда біз үлкен жетістіктерді күтумен болып, қарапайым қуаныштарды байқамай қаламыз. Ал шын мәнінде, әр атқан таң, жақындарымыздың амандығы, айналамыздағы әсемдік – бәрі де бақыттың көрінісі.
Менің ойымша, бақытты екі түрлі жолмен сезінуге болады. Біріншісі – көру арқылы. Яғни, көзімізбен көретін дүниелер: ата-анамыздың жанымызда...