«Ерлік пен елдіктің мәңгілік мұрасы: Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған ашық сабақ»
2026 жылдың 4 ақпан күні Ақтау қаласында орналасқан Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектеп КММ-де қазақ халқының даңқты перзенті, Ұлы Отан соғысының батыры, қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған ашық сабақ өткізілді. Бұл іс-шара 11 «Г» сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, тарихи таным мен патриоттық сезімді қалыптастыру, жас ұрпақты елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу мақсатында өтті.
Сабақтың ұйымдастырылуына мектеп кітапханасының меңгерушісі Жанар Рысгалиева ерекше үлес қосты. Ол кітапхана ішін мерекелік безендіріп, Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар мен көрнекі материалдарды жинақтап, оқушылардың танысуына қолайлы жағдай жасады. Кітап көрмесінде батырдың өмір жолы, соғыстағы ерліктері, сонымен қатар шығармашылық еңбектері...