«Мұқағалидің рухы: 95 жылдық мерейтойына арналған ашық сабақ»
2026 жылдың 11 ақпанында Ақтау қаласында орналасқан Қартбай Бекжанов атындағы №10 жалпы білім беретін мектеп КММ-де қазақ әдебиетінің классигі, ұлттың рухани қазынасы, ақын Мұқағали Мақатаевдың 95 жылдығына арналған ашық сабақ өткізілді. Іс-шара 11 «Г» сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, оқушылардың әдеби талғамын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және қазақ поэзиясының тамаша үлгілерімен таныстыру мақсатында өтті.
Ашық сабақтың ұйымдастырылуына мектеп кітапханасының меңгерушісі Жанар Рысгалиева ерекше үлес қосты. Ол кітапхананы мерекелік стильде безендіріп, Мұқағалидің өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеде ақынның өлеңдері, жинақтары, фотосуреттері, сондай-ақ әдеби шығармашылыққа қатысты деректемелер орналастырылды. Кітап көрмесі оқушылардың назарын аударып, олардың шығармаларды жан-жақты танып, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік...