Сталиндік қуғын-сүргін: Қазақстандағы лагерьлер қасіреті
XX ғасырдың 30-жылдарында сталиндік саясаттың нәтижесінде Қазақстан аумағы жаппай қуғын-сүргін жүргізілген аймақтардың біріне айналды. Кең-байтақ далаға елдің әр түкпірінен мыңдаған адамдар жер аударып, арнайы лагерьлер жүйесі құрылды. КСРО-дағы 1930 жылы құрылған ірі лагерь жүйесі - ГУЛАГ. Бұл лагерь Кеңес өкіметі кезінде қылмыс жасаған және саяси айып тағылған адамдарды қамауда ұстап, оларды мәжбүрлі еңбекке тарту үшін құрылды. ГУЛАГ жүйесінің зардабын екінші жаһан соғысымен салыстыруға болады. Мәселен, онда 20 млн-нан астам адам мерт болса, жазалау лагерлерінде де 20 млн-ға жуық адам қамауда болған. Оның құрамынды АЛЖИР, КАРЛАГ, СТЕПЛАГ және т.б. лагерьлері болды.
Қазақстан лагерьлері арқылы КСРО республикаларынан 2 млн-ға жуық тұтқындар өтті. Орталығы Долинка ауылы болған КАРЛАГ ең үлкен...