Тоқыма кәсібі – көне өнердің жалғасы
Тоқыма кәсібі – адамзат тарихындағы ең көне кәсіптердің бірі. Оның бастауын неолит дәуірінен іздеуге болады. Алғашқы кезде адамдар табиғи талшықтар мен мал жүнін пайдаланып, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Уақыт өте келе бұл іс қарапайым қажеттіліктен шығып, үлкен шеберлік пен өнерге айналды. Тоқыма ісі алғашында көбіне әйелдердің еңбегімен дамыды. Олар жүн иіріп, киім-кешек, төсеніш және тұрмысқа қажетті бұйымдар тоқыған. Осылайша тоқымашылық алғашқы қауым адамдарының тұрмыс-тіршілігімен, еңбегімен және қолөнерімен тығыз байланыста қалыптасты.
Қазақстан жерінде тоқыма кәсібі VI–XII ғасырларда кеңінен дамыды. Әсіресе бұл өнер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі қалаларда жақсы өркендеген. Сол кезеңде тоқылған маталар боз, шыт, торқа сияқты атаулармен белгілі болған. Мал жүнінен тоқылған маталар көбіне сырт киім...