Алматы көшелерінің сыртқы келбеті өзгереді
Алматыда сыртқы жарнаманы орналастыру ережелерін жаңарту ұсынылып отыр. Түзетулер жобасын Сәулет және қала құрылысы басқармасы әзірлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жобаға сәйкес, өзгерістер қаланы неғұрлым ыңғайлы, қауіпсіз әрі визуалды тұрғыдан жағымды ету үшін ұсынылып отыр. Сондай-ақ, бұл бизнес пен қала тынысы тәулік бойы тоқтамайтын "Алматы - ұйықтамайтын қала" тұжырымдамасын дамытуды көздейді.
Басқарма қаланың өсіп келе жатқанын, сондықтан көшелердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар да соған сай өзгеруі тиіс екенін атап өтті. Жобаның түсіндірмесіне сәйкес, ережелерді заманауи стандарттарға сәйкестендіру үшін жаңарту жоспарланған.
Түзетулерде мыналар қарастырылған:
жарнама мен қала нысандарын орналастыруға қойылатын нақты талаптар;бірыңғай визуалды стиль және қаланың жинақы келбеті;кәсіпкерлер үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау;
Алматының инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын арттыру.
Өзгерістер жарнаманың орналасуын ретке келтіруге көмектесіп, жалпы қалалық ортаны заманауи әрі жайлы етеді деп күтіледі.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін көпшілік талқылауына шығарылды.
Еске сала кетейік, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Алматының туристік әлеуетін дамыту туралы айтып, қала әкіміне бірқатар тапсырма берген болатын..