Қазақстанда 30 градусқа дейін ыстық болады
"Қазгидромет" синоптиктері 26, 27 және 28 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жауады деп болжанған. Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі", - деді синоптиктер.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.
Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Ауа температурасының көтерілуі күтіледі:
күндіз батыста және солтүстік-батыста — +15…+25-ке дейін;солтүстікте және шығыста — +10…+17-ге дейін;орталықта — +13…+24-ке дейін;оңтүстікте — +21…+30-ға дейін;оңтүстік-шығыста — +18…+27-ге дейін;таулы аймақтарда — +10…+15-ке дейін.