Ақтөбе облысында жаппай төбелес кезінде жасөспірім қаза тапты
Шалқарда жаппай төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірім қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 20 наурызға қараған түні Ақтөбе облысының Шалқар қаласында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір топ жастар арасында жаппай төбелес болған. Әлеуметтік желілерде төбелес кезінде пышақ пен атыс қаруы қолданылуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр, бірақ бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардың әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлілер заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады", - деді өңір полициясы.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылды.