Махаббаттың символына айналған “Қыз Жібек” фильмі туралы не білесіз?
Қыз Жібек – “Қазақфильм” киностудиясының төрінен елеулі орын алған туынды.
Фильм 1970 жылы көрерменге жол тартты. Сценарий авторы – аты әйгілі Ғабит Мүсіреповтың қаламынан шыққан. Режиссёры – Сұлтанахмет Қожықов. Ал фильмдегі әсем әуеннің композиторы – Нұрғиса Тілендиев. Биыл киноның жарық көргеніне 56 жыл толып отыр. Фильм тек қана махаббат дастанына арналып жазылмаған деседі. Фильм арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын тереңінен аңғарып, ел татулығының маңыздылығын көреміз. Басты кейіпкерлер фильмнің көркем сипатталуына бірден-бір себеп екені айдан анық.
Қыз Жібек рөлінде Меруерт Өтекешова болды. Ол қазақ қызының тектілігін көрсетіп, мөлдір бұлақтай сұлулығымен өз рөлін сомдап шықты. 1951 жылы 25 ақпанда Оралда туған....