Сектор меңгерушісінен әкімге дейін: Екібастұзда шенеуніктер бәс тіккені әшкере болды
Екібастұзда мемлекеттік қызметшілер құмар ойындарға бас тіккені әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Қала прокуратурасы әкімдік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу деркеетін анықтаған.
Атап айтқанда, лауазымды тұлғалар заңнамалық тыйымға қарамастан букмекерлік кеңселерде белсенді шоттарға ие болған.
"Мысалы, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 миллион теңге болған.
Ұқсас заңбұзушылықтар ауылдық округ әкімі, Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері тарапынан да анықталды", - деоінген хабарламада.
Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша барлық құқықбұзушылық фактілері жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданған.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауға бақылауды әлсіз жүргізгені үшін қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.