Тіл тағдыры – ұлт тағдыры
Тәуелсіздіктің ажырамас тірегі – ана тілі. Тіл – ұлттың жаны, рухы және болмысы. Ол арқылы ұлттың тарихы, мәдениеті мен ерекшелігі көрінеді. Сондықтан тілдің жоғалуы, ұлттың жоғалуына да әкелетіні сөзсіз. Ана тіліміздің мәңгілік көрініс табуы үшін не істеу керек?
Қазақ тілі – өте бай, бізге мұра болып жеткен баға жетпес қазына. Ата-бабамыз осы тіл арқылы салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – халықтың дүниетанымын, ойлау жүйесін, ұлттық ерекшелігін білдіретін маңызды құрал.
Қазақстанда қазақ тіліне ерекше мән берілген. 1989 жылы 22 қыркүйекте “Тіл туралы” заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Ана тілді...