Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Жаңа Конституция бойынша референдум қалай өтті?

15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтті. Азаматтар ел ішінде де, шетелде де дауыс берді. Алдын ала деректер бойынша (экзитпол, яғни сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушыларға жүргізілген сауалнама), сайлаушылардың  72,1-75,3 пайызы қатысты. Дауыс беру өтті деп танылды. Референдум қалай өткені, кімдер дауыс беріп, қазақстандықтар бір-бірін және сайлау комиссиясы мүшелерін немен таңғалдырғаны туралы Tengrinews.kz материалында. Бюллетеньде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болды. Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс берді. 18 жасқа толған және сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың дауыс беруге құқығы бар. Дауыс беру күні қалай басталды? 
Алғашқылардың бірі болып референдумға Жапония мен Оңтүстік Кореяда жүрген  Қазақстан азаматтары қатысты. Уақыт айырмашылығына байланысты бұл елдердегі учаскелер басқа мемлекеттер мен Қазақстанға қарағанда ертерек ашылады.
Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Токиода референдумда алғаш дауыс берген Қазақстан азаматы - "Нихон" университетінің 3-курс студенті Жібек Айдын болды.
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі 
СІМ мәліметінше, осы уақытта Сеулдегі учаскеде алғашқылардың бірі болып Азия орман шаруашылығы ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері Ернар Сәрсенбаев дауыс берген.
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі Қазақстандағы жексенбі таңы
Ел ішінде референдумға дайындық учаскелер ашылғанға дейін бірнеше сағат бұрын басталды. Комиссия мүшелері бөлмелердің дайындығын, бюллетеньдердің бар-жоғын және жабдықтардың жұмысын тексерді. Астанадағы тілшілеріміздің айтуынша, таңертеңнен бастап кейбір учаскеде кішігірім кезек болған - кейбір сайлаушылар ертерек келіп, ашылуын күткен.
Барлық учаске сағат 07:00-де штаттық режимде жұмысын бастады. Ашылу алдында мемлекеттік әнұран орындалды.
Фото: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі 
Алматыда да таңертеңнен бастап сайлаушылар көп болды, қалада 653 учаске ашылды. Өңірлік коммуникациялар қызметі мәліметінше, тұрғындардың көпшілігі таңертең дауыс бергісі келіп, содан кішігірім кезек пайда болған.
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі 
Бірқатар учаскеде фотоаймақтар ұйымдастырылды. Ресми баспасөз хабарламаларда, бұл бастама адамдар азаматтық борышын орындап қана қоймай, маңызды күнде естелік суретке түсу үшін жасалғаны айтылған. Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі 
Алғаш келген сайлаушыларға әдеттегідей шағын сыйлықтар таратылған. Мысалы, Астанадағы учаскелер үшін 4500-ге жуық сыйлық дайындалған.
Фото: Астана әкімдігі баспасөз қызметі 
Бұдан бөлек, кейбір қалаларда қоғамдық көлікте тегін жүру ұйымдастырылды. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін тегін инватакси қызметі де ұсынылды.
Шенеуніктер дауыс берді
Дәстүр бойынша алғашқы сайлаушылардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер де болды.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Оқушылар сарайында бюллетеньді жәшікке сағат 07:16-да салды.
Фото: © Tengrinews.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейіндегі сайлау учаскесінде дауыс берді.
Фото: © Tengrinews.kz
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Президенттік орталықта дауыс берді.
Фото: © Tengrinews.kz
Сағат 8:00-де мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс беріп, "бүгінгі шешім елдің болашағын айқындайды" деді.
Фото: © Tengrinews.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да ерте келіп дауыс берді.
Фото: © Tengrinews.kz
Сағат 10:30-ға қарай министрлер кабинетінің барлық мүшесі дауыс беріп үлгерді.
Коллаж: © Tengrinews.kz
"Біздің заман өкілдері өз міндетін орындады"
Сағат 11:00-де Астанадағы "Астана Опера" театрындағы учаскеге Қазақстанның Түңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді.
Фото: © Tengrinews.kz
Ол дауыс бергеннен кейін тілшілермен сөйлеспей, тек сыпайы түрде қол бұлғап кетті.
Кейін Қазақстанның Түңғыш Президентінің ресми сайтында хабарлама шығып, референдумға қатысты пікірі жарияланды:

"Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор. Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді".

"Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында дауыс берді.
Фото: © Tengrinews.kz
Мемлекет басшысы дауыс берген соң, барша жұртты еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күнмен құттықтады. 

"Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан оның маңызы өте жоғары. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды. 1995 жылы қабылданған Конституция ерекше рөл атқарды. Еліміз 35 жыл осы құжатпен өмір сүрді. Бірақ заман бір орында тұрмайды. Сол себепті жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін".

Президент отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Мәселен, журналистердің жаңа Конституция тым аз уақыт ішінде дайындалуына қатысты сұрағына жауап берді. Президенттің айтуынша, бұл идея 2022 жылғы конституциялық өзгерістерден кейін пайда болған:

"Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім. Елімізге жаңа Конституция қабылдау керек деген ұйғарымға келдім. Қазақстан, ең алдымен, зайырлы мемлекет болуға тиіс. Бұл Конституция елімізді ілгерілетініне ешқандай күмәнім жоқ. Біз көштен қалмай, прогрестің алдыңғы шебінде жүруіміз керек".

Фото: © Tengrinews.kz
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "кейбір сарапшылар "Конституциялық реформа – билік транзитіне дайындық" деген пікір айтып жүр. Жалпы, вице-президент лауазымы не үшін қажет?" деген сұраққа жауап берді. 

"Вице-президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. (...) Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді", - деп жауап берді.

Сонымен қатар, Президент Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты сұраққа жауап беріп, кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауы тиіс деді. 

"Иран Президентінің билікке толық ие емес екені көрінеді. Ол анық. Мен ешкімді айыптамаймын, жай ғана факті ретінде айтып отырмын. Бұл Иран билігінің ерекшелігіне байланысты деп ойлаймын. Бір жағынан діни билік үстемдік етеді. Өйткені Иранда діни билік негізгі бағыт-бағдарды айқындап, шешім қабылдайды. Президент те бар, бірақ ол – формальды мемлекет басшысы, іс жүзінде ықпалды тұлға саналмайды. Жалпы, кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс. Кезінде мұндай жүйені біз де бастан өткердік, бірақ баянсыз болды. Төрт жыл бұрын еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төнді. Бұл Қазақстанға да, басқа мемлекеттерге де үлкен сабақ болды деп ойлаймын". 

Референдумдағы "мультиғалам"
Референдумның ресми бөлігінен бөлек, бейресми әрі қызықты жағы да болды. Аймақтар креатив бойынша жарысқандай көрінді. Астанада бір қыз халатпен және робот итпен дауыс беруге келді.

Қостанайда Қыдыр ата дауыс берді.
Фото: © Tengrinews.kz
Шығыс Қазақстанда аю, қоян және ертегі кейіпкерлері байқалды. 
Коллаж: © Tengrinews.kz
Балқашта үлкен қуыршақтар дауыс берді.
Коллаж: © Tengrinews.kz
Шымкентте учаскеге Өрмекші адам келді.
Коллаж: © Tengrinews.kz
Оралда "Фиксикидегі" Винтик, Атырауда Леон мен Матильда, Алматыда Бүркіт адам мен  Threads адам болды.
Коллаж: © Tengrinews.kz
Павлодар облысында жаңа Конституция бойынша референдумға қолданыстағы Конституция келді. Коллаж: © Tengrinews.kz
Риддер тұрғыны Николай Петинцев учаскеге моторлы парапланмен келді.

Қонаевта дрифт жарысының қатысушылары трассадан бірден дауыс беруге барды.
Фото: Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі 
Фото: Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі 
Павлодар облысында ауыл тұрғындары ат жегілген шанамен келді.

Ақтауда жас жұбайлар дауыс беру үшін сайлау учаскесіне Каспий теңізі арқылы катермен жетті. Фото: Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы
Күннің қорытындысы
Сағат 20:00-де еліміздегі учаскелер жабылды.
Бұл уақытта азаматтардың 73,24 пайызы дауыс берді - 9 126 850 адам.
Заң бойынша ресми қорытынды референдумнан кейін жеті күн ішінде, яғни 2026 жылғы 21 наурызға дейін жариялануы тиіс.
Алдын ала қорытынды 
ОСК мәліметінше, алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адам болған.
Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санынан 9 миллион 127 мың 192 адам немесе 73,12 пайызы. 

"Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтар саны - 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайызы".


Дайындаған: Айнұр Қапышова


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net