Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларын дамыту
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Әсіресе қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың мәтінді түсіну, талдау, өз ойын сауатты жеткізу және шығармашылықпен жазу дағдыларын дамыту ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда мәтінмен жүйелі жұмыс жүргізу – оқушылардың оқылым және жазылым дағдыларын дамытудағы тиімді әдістердің бірі болып саналады.
Оқылым және жазылым – тілдік дағдылардың маңызды құрамдас бөліктері. Оқылым арқылы оқушы мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, ақпаратты талдайды, автордың көзқарасын анықтайды. Ал жазылым арқылы оқушы өз ойын жүйелі түрде жеткізуді, пікірін дәлелдеуді және шығармашылық тұрғыда ойлауды үйренеді. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс жасау оқушылардың...