Вакцинациядан бас тартудың қоғамдық денсаулыққа әсері.
Вакцинациядан бас тартудың қоғамдық денсаулыққа әсері.
БАЙМЕНОВА АҚТОЛҚЫН ЕРГАЗИЕВНА
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
“Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері” кафедрасы
Ғылыми жетекші, медицина ғылымдарының магистрі
МЫРЗАЛИЕВА МЕРУЕРТ ШЫНДОСОВНА
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина
университетінің 3 курс студенті
Түйіндеме. Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді және
экономикалық тұрғыдан негізделген әдістерінің бірі. Соңғы жылдары вакцинациядан бас
тарту жағдайларының артуы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай қауіп
төндіруде. Бұл құбылыс ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне, вакцинамен басқарылатын
инфекциялардың қайта таралуына және эпидемиологиялық тұрақсыздыққа әкелуі
мүмкін. Мақалада вакцинациядан бас тартудың негізгі себептері мен оның
эпидемиологиялық және әлеуметтік салдары қарастырылып, қоғамдық денсаулықты
сақтау үшін ақпараттық-ағарту...