«Кітап оқитын ұлт қалай қалыптасады?»: Исландия феномені
Қазіргі цифрлық дәуірде кітап оқу мәдениеті әлсіреп бара жатыр деген пікір жиі айтылады. Алайда бұл тұжырымға толықтай қарсы мысал бола алатын ел бар. Ол — халқы небәрі 350 мыңға жуық Исландия. Географиялық тұрғыдан шағын болғанымен, рухани кеңістігі аса бай бұл ел әлемдегі ең көп кітап оқитын мемлекеттердің бірі саналады.
Зерттеулерге сүйенсек, Исландия халқы айына орта есеппен 2,4 кітап оқиды немесе аудиокітап тыңдайды. Халықтың шамамен үштен бірі күн сайын кітапқа немесе аудиокітапқа уақыт бөледі. Тағы бір сауалнама нәтижесінде тұрғындардың 55%-ы күніне кемінде 30 минут кітап оқитыны анықталған. Сонымен қатар халықтың 19%-ы кітап оқымайтынын мойындаған. Бұл көрсеткіш негізінен жастар мен...