Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


"Атажұрт" белсенділерінің соты жабық өтеді. 19 айыпталушының бірі ашық сотқа қарсы болды

Қытайға қарсы бейбіт наразылыққа шығып, "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен істі болып жатқан "Атажұрт" белсенділерінің соты жабық өтетін болды.

ЖАБЫҚ СОТҚА ҚАРСЫЛЫҚ23 қаңтарда Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Атажұрт" тіркелмеген ұйымының 19 белсендісінің ісін қарай бастады.

Алғашқы отырыста айыпталушы Аян Қалымбек "қауіпсіздігім үшін" деп судьядан істі жабық өткізуді сұраған. Қалған 18 айыпталушы істің ашық қаралғанына қарсылық білдірмеген. Судья бір айыпталушының өтінішін қанағаттандырып, сот жабық болатынын жариялады. Бұған қоса, судья сотта сөйлейтін сарапшылардың да өміріне қауіп төнуі мүмкін деп шешкен. Осыдан соң айыпталушылардың туыстары сот залынан шығарылды.

Үйқамақта отырған айыпталушы Аян Қалымбек "жеке басыма қауіп төнбес үшін сотты жабық өтсін деп сұрадым" деді.

Жабық сот туралы шешімнен соң айыпталушылардың жақындары "бір адамның сөзі 18 адамның сөзінен артық болды ма?" деп наразылық танытты.

"18 адам ашық сот деп отырса, бір адамға бола жабық сот дейді бұлар. Сонда көпті тыңдау керек пе әлде біреуді тыңдау керек пе? Бір адамға қауіпсіздік керек те, 18 адамға қауіпсіздік керек емес пе? Сот ашық болып, халық көруі керек қой!" деді істі болып жатқан Тұрсынбек Қабидің әйелі Оралхан Әбен.

Айыпталушы Батылбек Байқазының әкесі "Ұлыма тағылған айыпқа келіспеймін. Сот үшін Талдықорғанға Алматыдан келдім ғой, балам, әне, қамауда отыр. Сотқа қатыссам деп келген едім ғой" деп налыды.

Айыпталушылардың адвокаты Шыңқуат Байжанов соттың жабық өтуіне қарсы шыққанымен, судья басқа шешім қабылдады.

"Соттың жабық өткені сотталушылардың қорғануына кедергі жасайды. Бұған қоса, бұл жасөспірімге қатысты сот емес. Мемлекеттік құпия да жоқ. Менің ойымша, бұл адамдардың қылмысы жоқ, саяси іс. Сондықтан бұл іс жайлы халық білмесін деп отыр" деді адвокат Азаттыққа.

Келесі сот отырысы 29 қаңтарға белгіленді.

Сотта істі болып жатқан 19 адамның толық аты-жөні: Бекзат Мақсұтхан, Тұрсынбек Қаби, Нұркелді Нұрсапа, Батылбек Байқазы, Еркінбек Нұрақын, Бақытнұр Нұрмұқан, Ерғали Нұрлыбаев, Ербол Нұрлыбаев, Беделхан Қабыләшім, Марғұлан Нұрланғазы, Бейсенәлі Ақжігіт, Тұрдыбай Қанат, Қуандық Қосжанов, Гүлнәр Шаймұрат, Назигүл Мақсұтхан, Бақытжан Шұғыл, Гұлдәрия Шеризат, Асылхан Қолхаев, Аян Қалымбек.

13 айыпталушы қамауда, алтауы үйқамақта отыр.

"АТАЖҰРТ" БЕЛСЕНДІЛЕРІ НЕГЕ АЙЫПТАЛЫП ЖАТЫР?Былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында қолына Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шыққан бір топ адам Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып, "түзету лагеріне" қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен еді.

Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Туыстары Қытай полициясы ұстаған Әлімнұр Тұрғанбайға араша сұрап, бірнеше мәрте Астанаға арыз-өтініш жолдаған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай берген ақпаратқа сүйеніп қайтарған жауабында, 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпағаны, ал қос азаматтық екі елде де "заңсыз" екені айтылған.

Алматы облысындағы оқиғадан кейін полиция "Атажұрттың" 19 белсендісін ұстап, әуелі "Бұзақылық" бабымен әкімшілік жауапқа тартып, кейін "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғады.

Қазір белсенділердің 13-і тергеу изоляторында, тағы алтауы үйқамақта отыр. Арасында аяғы ауыр белсенді Нәзигүл Мақсұтхан да бар. Істі қадағалап отырған құқық қорғау ұйымдары әйел мен оның бойындағы баласының денсаулығына алаңдайды.

ҚЫТАЙДЫҢ НОТАСЫАзаттық сот материалдарын зерделеп, қылмыстық істі қозғауға Қытайдың Астанаға жіберген дипломатиялық нотасы негіз болғанын анықтаған. Сот материалдарында Қазақстанның тергеу органдары "Ұлттық, этностық не өзге де әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бабымен қылмыстық іс қозғауға Пекиннің дипломатиялық нотасы негіз болған деп жазылған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев "министрлік Қытайдың Қазақстандағы елшісімен жоспарлы кездесу өткізгенін", онда Қытайға қарсы наразылық шарасы туралы ақпарат бергенін растады, алайда олар Қытай консулдығы жолдаған нота жөнінде пікір білдірмеді. Жетібаев кездесуде "Қытай тарапына бұл оқиғаға қатысты Қазақстанның құқық қорғау органдары қабылдаған шаралар жөнінде ақпарат берілді" деген.

22 қаңтарда Amnesty International халықаралық адам құқығы ұйымы Қазақстан билігін "Атажұрттың" істі болып жатқан 19 мүшесін босатуға шақырды.

"Бейбіт наразылық билікке және Қытай сияқты ықпалды геосаяси ойыншыға ыңғайсыз болғаны үшін қылмыс саналмауы тиіс" деді Amnesty International ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Струтерс мәлімдемеде.

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы да Астананы "Атажұрт" белсенділеріне тағылған айыпты алып тастауға үндеген еді.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net