Ұлт өнерінің ұлы тұлғасы – Асанәлі Әшімов
Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ол қазақ киносы мен театр өнерін әлемдік деңгейге көтерген бірегей тұлғалардың бірі ретінде танылды. 1956–1961 жылдары Асанәлі Әшімов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдады. 1961 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясында актерлік қызметке қабылданып, ұлттық кино өнерінің дамуына зор үлес қосты.
Асанәлі Әшімов — кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, режиссер, театр педагогы, профессор. Ол Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980) атақтарына ие болды. Сонымен қатар Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973) және КСРО мемлекеттік сыйлығының...