Болашақтан қорқатын буын
Қазіргі таңда жасөспірімдер бұрынғыдай «кім болам?» деп арманға беріліп өспейді. Керісінше, олар «қателесіп қалмаймын ба?» деген үреймен есейіп келеді. Бұл – бүгінгі заманның көзге көрінбейтін, бірақ кең таралған шындығы. 9–11-сыныпта оқитын жоғары буын оқушылары сырт көзге сабырлы, байсалды көрінуі мүмкін. Алайда олардың ішкі әлемінде күйзеліс, белгісіздік пен сенімсіздік қатар жүреді. Отбасылық әңгіме барысында болашақ туралы сөз қозғалғанда кейбірінің үнсіз қалуы немесе тақырыпты өзгертуге тырысуы да осының айғағы. Өйткені болашақ жайлы сұрақ олар үшін бағыт емес, қысым ретінде қабылдана бастаған.
Бұл белгісіздіктің себебін түсіну үшін мектеп бітіруге жақын оқушыларға сауал қойылды. Жауаптар әртүрлі болғанымен, көтерілген мәселелер ортақ екені байқалды....