Әлімханұлына қатысты допинг дауы: тәртіптік тыңдау күні белгілі болды
Бұл туралы ресми мәлімдемені сенбі, 10 қаңтарда федерация президенті Рахымжан Ерденбеков әлеуметтік желілерде жасады.
"Федерация істің қаралуы қолданыстағы регламенттер, процестік әділдік қағидаттары, кінәсіздік презумпциясы және халықаралық антидопингтік стандарттар аясында қатаң түрде жүзеге асатынын атап өтеді", - делінген мәтінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Kazakhstan Professional Boxing Federation (@proboxingkaz_official)
Сондай-ақ, түпкілікті шешім шыққанға дейін федерация кез келген алыпқашпа әңгіме мен көпшілік алдында жасалатын қорытындыларды орынсыз деп санайтыны айтылған.
"Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы спорттың тазалығын, спортшылардың құқықтарын қорғауды және федерацияның институционалдық егемендігін жүйелі түрде қорғап келеді", - деп атап өтілген мәлімдемеде.
Ерденбеков бұдан кейінгі барлық процестік қадамдар туралы ресми түрде хабарланатынын қосты.
Бұған дейін федерация президенті Әлімханұлының допинг-бақылау нәтижесіне қатысты B сынамасын ашу (талдау) жүргізілетінін хабарлаған еді. Ерденбеков бұл рәсімнің заңдық тұрғыдан маңызды кезең екенін, оған спортшының спорттағы болашағы да, болып жатқан жағдайға берілетін құқықтық баға да тәуелді екенін айтты. B сынамасының ресми нәтижелері алынғанға дейін қазақстандық спортшы кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!