Жұмыссыздық мәселесі – қоғамға төнген қауіп
Жұмыссыздық – еңбекке қабілетті халықтың бір бөлігінің тұрақты табыс көзіне ие бола алмауы нәтижесінде туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселе. Бұл құбылыс елдің экономикалық дамуына ғана емес, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына да кері әсер етеді.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда жұмыссыздардың саны 448,2 мың адамды құрайды. Оның ішінде 211,1 мыңы – ерлер, 237,1 мыңы – әйелдер. Жұмыссыздар ең көп тіркелген өңірлер: Алматы қаласы (51,9 мың адам), Түркістан облысы (40,9 мың) және Алматы облысы (35,5 мың). Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында – 4,2 мың адам. 2024 жылы 112,6 мың қазақстандық жұмыс таба алмаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 37,9%-ға көп. Ел бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6%, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 4,7%-ға жетеді. Trading Economics рейтингіне сәйкес, Қазақстан жұмыссыздық деңгейі...