Мемлекеттен әлеуметтік қолдауды кімдер ала алады: тізім
Қазақстанда әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтар санаттары бекітілді. Тиісті бұйрыққа премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жекелеген тұлғалар тізімі жаңа Салық кодексі аясында әзірленген. Оны бекітетін бұйрық кодекспен бірге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарына кіреді:
арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға; екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!