Астанада жеңіл көлік жолдағы жұмысшыларды қағып кетті: бір адам қаза болды
Желде жол апаты болған жердің видеосы пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ASTANA_BROTHER | АСТАНА | NEWS (@astana_brother)
Астана полициясы оқиғаның 18 тамызда түнінде болғаны хабарлады.
"Skoda маркалы автокөліктің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесі бағытына қарай Сарайшық көпірімен келе жатып жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескермей, жолдың жүріс бөлігінде жөндеу жұмыстарын істеп жатқан екі жұмысшыны қағып өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханаға жатқызылды", – деді департамент өкілдері.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Көлік құралы арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!