Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Орталық Азияның спорт қаһармандары: шекарасыз ерік-жігер

Азаттық радиосының Орталық Азиядағы редакциялары 2024 жылғы күзде басталған "Спорт: Қиындықты жеңген қаһармандар" байқауын тәмамдады. Бұл бастаманың мақсаты — түрлі тосқауылға қарамастан, спортта ерекше жетістікке жеткен жандарды дәріптеу.

Байқау жарияланған сәттен бастап көрермендер мен оқырмандар көптеген үміткерлерді ұсынды. Іріктеу қорытындысы бойынша біз орасан қиындықтарды еңсеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізген бес спортшы туралы ақпарат дайындадық.

Жеңімпаздар қоғамдағы орны, журналистердің дауыс беруі, аудитория мен редакция пікірі бойынша анықталды.

Қазақстан: төсекке таңылған адамнан марафоншыға айналды. Досмұхамед ТөлегеновБір кездері Досмұхамед Төлегенов отыруға жарамай қалған. Жетісу облысының шалғай ауылы Арқарлыда тұратын азамат 34 жасында неврологиялық ауруға шалдыққанын білген. Бұл ауру мидағы ісіктен пайда болған.

Салдарынан ол 10 жыл төсекке таңылып, денесі ауырып, қатты қиналған.

" Дәрігерлерге "мына өмірдің несі қызық, оданда өлгенім артық" деген күндер болды. Бірақ менің үш балам бар. Солар үшін өмір сүрдім" дейді ол.

2-топ мүдегектігін алған Төлегенов газет-журнал оқуға, теледидар көруге, отыруға шамасы келмей қалып, бір мезет үміті сөнгендей болған.

Бірақ 10 жылдан кейін ол алғашқы қадамын жасаған. Ол қадам серуенге, серуенге жүгіруге ұласқан. Бір кездері қозғала алмай қалған адамға жүгіру жаттығу ғана емес еркіндік нышаны болғандай.

Бірте-бірте жүгіру марафонға айналған. 62 жастағы Төлегенов бүгінде өз ауылында, 40 жыл отасқан әйелімен тұрады. Бала-шағасы бар, немере сүйген.

Оның бүгінгі өмірі мүлдем бөлек. Ол қазір 50 шақырымға, тіпті 70 шақырымға жүгіріп, Қазақстандағы беделді марафоншылардың біріне айналған.

Қырғызстан: қараңғылықтан жарыққа жол. Гүлназ ЖүзбаеваҚырғызстандық Гүлназ Жүзбаева бала кезінен Парижді көргісі келген. Бірақ ол бұл қалаға бір күні турист ретінде емес, өз елін танытатын паралимпиадалық спортшы ретінде баратынын ойламаған. Парижге сапары оның бала арманының орындалуынан да артық болды — бұл қырғызстандық мүмкіндігі шектеулі жандарды шабыттандырған жеңіс тарихына айналды.

Гүлназ туғанынан көзі нашар көретін, кейін мүлде көрмей қалды. Бірақ ол мойымады. Көзі көретін қатарластарымен қатар мектепті де, университетті де тәмамдады. Сосын одан әрі қадам басты: Қырғызстанның зағиптар федерациясын құрып, он жыл ішінде 200-ден аса зағип жанды өздігінен өмір сүруге — оқуға, компьютер қолдануға, әлемде еркін қозғалуға үйретті. Осы еңбегі үшін 2020 жылы британиялық Би-би-си медиакорпорациясы оны әлемнің ең шабыттандыратын әрі ең ықпалды 100 әйелі қатарына қосты.

Гүлназдың жеке мақсаты да айқын болды. Ұзақ дайындықтан кейін ол 2024 жылы Қырғызстан атынан Париждегі Паралимпиада ойындарына қатысты. Сенаның жағалауында 1500 метрге жүгіріп, 13-орын алды да, Қырғызстандағы зағип спортшылар арасындағы жаңа ұлттық рекорд орнатты. Ол сондай-ақ Азия параойындарының қола жүлдегері және пара-триатлон бойынша Азия чемпионатында екі рет күміс жүлде жеңіп алған.

41 жастағы Гүлназ Жүзбаева жай ғана спортшы емес. Ол сондай-ақ — тәлімгер, ана, қауымдастықтардың негізін қалаушы. Ең бастысы ол — мүмкіндігі шектеулі өмірді мән-мағынасыз деп қабылдамай, керісінше, жаңа мақсаттарға толы өмірді таңдаған әйел. Көзі көрмейді деп үміт үзетін әлемде ол мұның тек бастау екенін дәлелдеді.

Тәжікстан: тізгін бермеген дзюдошы Сомон Махмадбеков26 жастағы Сомон Махмадбеков Ресейдің Иркутск қаласында туған. Алты жасынан көкесінің баптауымен жаттығып, өзінен екі есе үлкен жасөспірімдермен күрескен.

Бірақ оған Ресей атынан жарысқа шығуға жол бермеді, өйткені ата-анасының азаматтығы жоқ еді. Сомон Тәжікстанға оралып, паспорт алып, "өз елім" деп мақтанышпен айта алатын мемлекетті таныта бастады.

Бұл да оңай жол болмады: Тәжікстанның өзінде де оны бірден мойындамады. Ұлттық құрамға кіруі ұзаққа созылды. Бірақ медальдар күмәнді сейілтті. Сомон халықаралық турнирлерде жүлде ала бастағанда, оның талантына ешкім күмән келтірмейтін болды.

2024 жылы ол Париж Олимпиадасында қола, содан кейін дзюдо бойынша әлем чемпионатында тағы қола медаль жеңді.

Түркіменстан: бейбіт қарсылықтың жауынгері Мұрат ҚұрбановАйкидодан 6-дан иегері атанған Мұрат Құрбанов жеке-жек шебері ғана емес. Оны сондай-ақ бейбіт қарсылықтың жауынгері деп біледі. 2005 жылы ол елдегі әлеуметтік әділетсіздікті сынағаны үшін Түркіменстаннан кетуге мәжбүр болған. Сөйтіп бизнесін, үйін, бұрынғы өмірін жоғалтқан.

Франциядағы алғашқы жылдары қиын өтті: газет сатты, отбасын асырау үшін құрылыста жұмыс істеді. Бірақ айкидо оған рухани тірек болды. Әсіресе ондағы тепе-теңдік пен үйлесім қағидаларын көп көмек болды. Кейін ол осы осы қағидаларға сүйенетін күзет компаниясын ашты.

Қазір жасы 59-ға келген Құрбанов айкидоны тек спорт емес, өмір философиясы деп санайды. Ауыр дертін физикалық дайындық пен медитация арқылы жеңген соң, оның айкидомен байланысы нығая түсті.

Бүгінде Мұрат Құрбанов шетелдегі түркімен оппозициясының маңызды тұлғаларының бірі саналады. Оның пікірінше, айкидо оған саяси күресте де көмектеседі. Бұл спорт оған рухани күш пен ой айқындығын береді.

Өзбек футболын әлемдік аренаға шығарған аңыз адам Абдукодир ХусановОны сағатына 37 шақырым жүгіре алатын жылдамдығы мен күш-қайраты үшін "пойыз" деп атап кеткен. 20 жастағы Абдукодир Хусанов — ағылшын премьер-лигасы клубының сапына қосылған алғашқы өзбек футболшысы. Бұрын мұндай жетістікке Өзбекстан тұрмақ жалпы Орталық Азияд өңірінен ешкім қол жеткізбеген. 2025 жылы оның Manchester City клубына Өзбекстан мен Орталық Азия үшін үлкен белеске айналды. Трансфер құны 41 млн доллар болды.

Бірақ Хусановтың жолы оңай болмады. Отанындағы беделді клубтар оны қабылдамаған соң, ол алдымен Беларуське, сосын Францияға аттанды. Франциялық RC Lens клубының құрамында Чемпиондар лигасында ойнап, кейін Манчестерге ауысты.

Қазір ол Өзбекстан құрамасының жұлдызы және ел футболының жаңа дәуірінің символы. Абдукодир Азия кубогында және Олимпиада ойындарында өз құрамасы үшін маңызды рөл атқарды. 2025 жылы ол Өзбекстан құрамасына әлем чемпионатына жолдама алуға көмектесті. Осылай Өзбекстан Орталық Азия елдері арасында футболдан әлем чемпионатына қатысатын алғашқы мемлекет атанды.

Хусановтың жетістігі көптеген өзбек жастарын қанаттандырып келеді. Елеусіз жасөспірімнен ағылшын премьер-лигасына жеткен спортшы шексіз арманға ұмтылғандар үшін үлгі бола білді.

P.S. Байқау басталғанда Азаттық радиосы марапаттау рәсімін Орталық Азия елдері астаналарының бірінде өткізуді жоспарлаған. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты марапаттау шарасы өтпейтін болды.



Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net