Медиакампус – болашақ журналистердің шеберханасы
"Білім – өмір шырағы, тәжірибе – сол шырақты тұтатар алау." Осы сөз Медиакампус жобасына қатысқан сәттегі сезімімді дәл сипаттайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен бұл жобаның мен үшін орны ерекше.
Журналист болсам деп армандап жүрген мен үшін Медиакампус – тек тәжірибе алаңы емес, болашаққа бір қадам жақындатқан алтын көпір болды. Апта бойы еліміздегі танымал тұлғалармен кездесіп, олардың өмір жолынан, кәсіби шеберліктерінен үлгі алдым. Әрбір айтылған кеңес, әрбір тәжірибелі журналистің сөзі маған жігер сыйлады. Білім ордасында өткен бұл жоба барысында жаңа орта, жаңа достар таптым. Бірге пікір алмасып, тіл табыса білдік. Бұл орта маған сенімділік пен батылдық берді. ...