Әлеуметтік желілер – пайдалы ма, әлде зиян ба?
Бүгінгі заман – цифрлық дәуір. Біздің таңымыз Instagram-мен атып, TikTok-пен батып жатады. Ендеше, «Әлеуметтік желілер пайдалы ма, әлде зиян ба?» деген сұрақ – жай талқылау емес, нағыз өмірлік мәселе. Бұл сұраққа біржақты жауап беру – жаңбырдың тек пайдасын немесе тек зиянын айту секілді. Шындығында, әлеуметтік желі – жай ғана құрал. Ал құралды қалай қолдану – әр адамның өз қолында.
Біріншіден, әлеуметтік желінің пайдасын жоққа шығара алмаймыз. Олар – ақпараттың жылдам таралатын алаңы. Бұрын бір жаңалықты ел болып бір аптадан кейін еститінбіз, ал қазір ол – бірнеше секунд ішінде бүкіл әлемге тарайды. Бұрын кітапханадан іздейтін мәліметті қазір бір ғана...