Жасанды интеллект — мамандардың орнын басама?
Бүгінде «Жасанды интеллект» деген тіркес таңсық емес. Кеше ғана қиял-ғажайып фильмдерде көретін дүние, бүгін – күнделікті өмірдің бөлшегіне айналды. Біреу оны мүмкіндік деп қабылдайды, біреу қауіп деп көреді. Бірақ басты сұрақ – «Жасанды интеллект адамдардың, әсіресе мамандардың орнын баса ма?» деген сауал. Жауап біржақты емес. Бірақ айтылмаған шындық бар…
Білімді емес, дайын формуланы алмастырады
ЖИ (жасанды интеллект) жылдам есептейді, көп біледі, ешқашан шаршамайды. Бірақ бір нәрсені ұмытпау керек: ол өзі ойлап таппайды, тек бар нәрсенің арасынан ең ұтымдысын таңдайды. Яғни ол – құрал. Егер бір маман тек «солай үйретті» деп дайын формуламен жұмыс істесе, иә, оның орнын ЖИ...