Кибербуллинг — заманауи қауіп емес, үнсіз дабыл!
Сен ұйықтап жатқанда, біреу жылайды. Сен жай ғана пікір қалдырдың, ал ол терезені ашуға беттеді. Сен үшін бұл “әзіл” болды, ал оның ішіндегі сенім мәңгілікке өшіп кетті. Бұл — кибербуллингтің нағыз бет-бейнесі.
Бүгінде қауіп тек көшеде емес, Wi-Fi-дың арғы жағында. Жау шаппайды, тек жазады. Қаруы — сөз, нысанасы — жан. Ең қорқыныштысы — бұл қауіпті ешкім байыппен қабылдамайды. “Интернет қой, мән берме”, “Ол сен жайлы не біледі?” — деп жұбатуға тырысады. Бірақ естен шығаратыны — адам жүрегі интернетте де ауырады.
Кибербуллинг деген не?
Кибербуллинг — біреуді интернет арқылы қорлау, мазақ ету, қысым көрсету. Бірақ бұл жай ғана ауыр...