Жарнама — санаға әсер ететін көрінбейтін күш
Күн сайын біз жүздеген жарнамаға тап боламыз. Бірақ соның қаншасы біздің санамызға әсер етеді деп ойлайсыз?Қазіргі заманда жарнама — тек өнімді сату құралы емес, адамның ойлау жүйесіне, таңдауына, тіпті өмір салтына тікелей әсер ететін күшке айналды. Әлеуметтік желілерден бастап, көше баннерлеріне дейін — жарнама көзге де, санаға да күн сайын әсер етуде.Статистикалық деректерге сүйене отырып, Nielsen компаниясының зерттеуі бойынша орта есеппен адам күніне 5000-ға жуық жарнамалық хабарлама көреді. Оның ішінде санаға әсер ететін және шешім қабылдауға түрткі болатындары — шамамен 10-15%.
Дәлел : Психологтар адамның бір ақпаратты қайталап көру арқылы оны қажеттілік деп қабылдай бастайтынын айтады. Мысалы, теледидардағы бір шоколад жарнамасын...