ҚТЖ-ның жаңа басшысы тағайындалды
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Талғат Алдыбергенов келді. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне ұлттық компания растады.
Тағайындалғанға дейін Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ҚТЖ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновті таныстырды.Өмірбаяны
Талғат Алдыбергенов Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, жасы 55-те. Алматы теміржол инженерлері институтын және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек өтілі:
Батыс Қазақстан темір жолының Орал бөлімшесіндегі Қазақстан станциясында жүк кассирі;Орал станциясы бастығының орынбасары, Орал бөлімшесінің жүк және коммерциялық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары, БҚТЖ жол коммерциялық ревизоры;"Желдорэкспедиция" МЕҰ Ақтөбе филиалы директорының бірінші орынбасары (1998);"ҚТЖ" РМК-ның "Фирмалық көлік қызметі орталығы" МЕҰ Ақтөбе филиалының директоры;"ҚТЖ" МЕҰ – "Казтранссервис" директоры;"ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры;"Кедентранссервис" АҚ президенті (2008);
Көлік компанияларының басқарма төрағасы;
"Каспий" тауар биржасы" АҚ президентінің кеңесшісі;"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2024 жылдың маусымынан бастап).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!