"СҚ-Фармация" басшысы қызметінен босатылды
![](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360360/thumb_b/photo_122648.jpeg)
Ерхат Есқалиев "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі редакцияға.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығына сәйкес, Есқалиев 18 маусымда қызметінен босатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!