Қалампыр қалай өзгерді? (ертегі қойылым)
Қалампыр қалай өзгерді? (Ертегі-қойылым)
(Сахнада сақал-мұрты аппақ қарт адам кітап оқып, жазу жазып отырады. Автор қыз шығып, ертегіні бастайды.)
Автор:
— Ерте, ерте, ертеде, Қалампыр атты қыз бала өмір сүріпті. Қалампыр жалқау, көп ұйықтайтын, айтқан тілді алмайтын тілазар болыпты. Анасы қызын қалай өзгертерін білмей, бір данышпан қарияға барыпты.
(Сахнаға қыздың анасы шығады.)
Ана:
— Сәлем бердік, ата! Сізге бір шаруамен келіп едім. Маған көмектесіңізші..?! Қария:
— Қош келдің, қызым! Не шаруа? Ана:
— Ата, жалғыз қызым бар еді. Өмірі ұйқымен, ойынмен өтіп барады. Сол қызымды қалай өзгертсем болады?Қария:
— Қызыңа 24 алтын теңге бер де,...