БІЛІМДІ ШӘКІРТ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
БІЛІМДІ ШӘКІРТ- МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болуы өсіп келе жатқан жастарымыздың қабілет-қарымына, талантты мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздар алдында тұрған басты мақсат-іскер, білімді, сыни тұрғыдан ойлай алатын, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылады.Білім ошағының табалдырығын аттаған оқушылардың барлығы талантты, дарынды. Тек олардың бойындағы қабілетін ашып, жан-жақты дамуына жол сілтеп, шығармашылық қатынасын, азаматтық белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор. Бұл бағыттағы жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде шәкірттеріміз түрлі деңгейдегі жарыстар мен байқауларда, олимпиадаларда топ жарып, мектебіміздің мәртебесін биіктетіп келеді.
«Б.Майлин атындағы №21 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10-сынып оқушысы Абжапбар Өнеге Маратқызы 2023-2024 оқу жылындағы ...