Азық-түлік қауіпсіздігі: Қазақстан неге өз нарығын отандық өніммен қамти алмай отыр
Азық-түлік қауіпсіздігі – мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің маңызды бөлігі. Азаматтар белсенді және салауатты өмір сүру үшін қауіпсіз азық-түлік қолжетімді болуы керек. Мұндай міндет әрдайым үкіметтің алдында тұрады. Биыл 11 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары қарастырылды. Ал азық-түлік жеткілікті болуы үшін отандық өндірісті арттырудың рөлі зор. Яғни, өзіміз не өндіреміз, қандай шикізат өзімізден шығады? Соның ішінде тамақ өндірісіне қолданылатын шикізаттың қандай мөлшерін өзіміз қамтып отырмыз? Олар қай өңірлерде өндіріледі? Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін толық реттеп отыр ма? Осы және өзге де сұрақтарды Kazinform сарапшысы ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовқа қойды.