Алматы кәдесыйлары: қайдан сатып алуға болады және сүйікті қаладан естелік болатын қандай заттар алуға болады?
Алматы көрікті табиғатымен ғана емес, шығармашылық атмосферасымен де танымал. Мұнда дизайн студиялары, шеберханалар, қолөнершілер мен суретшілердің жәрмеңкелері жиі өтеді. Бұл мақала қаланың шығармашылық рухын сезінгісі келетіндер мен естелік ретінде ұлттық кәдесыйлар сатып алғысы келетіндерге арналады.
"Qazaq-Oner" қолөнершілер орталығы
Бұл кешенде түрлі шеберханалар, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы және шамамен 800 шаршы метрлік сауда галереясы орналасқан. Орталықта шеберлік сыныптары, көрмелер, түрлі курстар, соның ішінде тегін курстар жиі өткізіледі. Орталықтың шоу-румында киізден, ағаштан, былғарыдан, жібектен, керамикадан жасалған бұйымдар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар қойылған.
Мекенжайы: Нұркент ш/а., 5/11 үй, Атлетикалық ауыл.
Қолөнер жәрмеңкесі
Дәстүрге айналған жәрмеңкені Алматы қолөнер палатасы тұрақты өткізіп тұрады. Жәрмеңкеден Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан шеберлерінің қолөнер бұйымдарын табуға болады. Келген қонақтарға қолөнер шеберлері өз бұйымдарының пайда болу тарихы туралы айтып береді және шеберлік сағаттарын ұйымдастырады. Жәрмеңке кестеге сәйкес белгілі бір күндерде өткізіледі.
Мекенжайы: Жібек жолы даңғылы, Желтоқсан мен Наурызбай батыр көшелерінің арасында (Аэровокзал бағыты). Жұмыс уақыты: 10.00-18.00.
Sara кәдесый шеберханасы
Sara дүкенінде қолдан жасалған қазақтың ұлттық бұйымдары ұсынылған. Ұлттық колориті бар әдемі кәдесый іздесеңіз, осы жерден табасыз: картиналар, тоқыма бұйымдары, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар. Шеберхана қолдан жасалған нағыз сандықтарымен мақтанады.
Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 10. Жұмыс уақыты: 10.00 - ден 18.00-ге дейін.
"Рухани домбыра" домбыра жасау шеберханасы
Отбасылық шеберхана қазақтың ұлттық аспаб жасаумен айналысады. Омар Руханов балаларымен және жиендерімен бірге өз шеберханасында домбыра, қобыз, шертердің қайталанбас түрлерін жасайды. Шеберхана жанындағы дүкен сөресінен ағаштан жасалған бұйымдардың небір түрі көз тартады.
Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 5Б/2
"Әдемі-Ай" кәдесыйлар мен сыйлықтар дүкендер желісі
Ұлттық нақыштағы кәдесый өндірумен және сатумен айналысатын бұл компания 2000 жылы құрылған. Еліміздің әр қаласында компания бөлімшелері жұмыс істейді. Ал Алматыда компанияның жеке ғимараты және нағыз өнер үйі бар. Компания дүкендерінен үстел үсті сәндік бұйымдарынан бастап, ұлттық нақыштағы білезіктерге дейінгі кәдейсыйдың небір түрін табасыз.
Мекенжайы: Шевченко 133Б (Байзақов көшесінің қиылысы).
Empire of Gifts қазақ ұлттық сыйлықтары дүкені
Empire негізінен ұлттық рәміздер бейнеленген бұйым жасайтын компания. Қанатты барыс логотипі бейнеленген сыйлықтар заманауи стильде жасалған. Шой-румда ерекше әдемі дизайндағы сағаттар, бизнес-аксессуарлар, визит карточкалары және қаламдардың түр түрі қойылған.
Мекенжайы: "Нұрлы Тау" бизнес-орталығы, Әл-Фараби даңғылы, 5/2А, 702 кеңсе.