Добавить новость
World News





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


"Басымды имеймін, бұл - әділетсіздік!" "Алматы әуежайын басып алу ісі" бойынша сот қалай аяқталды?

"Қаңтар оқиғасында Алматы әуежайын басып алмақ болды, аэропортта бүлікке бастады" деп айыпталған бес адамға сот төрт жылдан сегіз жылға дейін түрме жазасын кесті. Үкімнен соң сот залында үлкен шу болды, белсенділер мен сотталғандардың жақындары үкіммен келіспей, бостандық талап етіп, ұзақ тұрды. Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған ең шулы істердің бірінің соты қалай аяқталды?


"ЖЫЛАМАШЫ!"


Судья Мартбек Кәкімжанов оқыған үкімге сай, 38 жастағы кәсіби аудармашы, журналист әрі белсенді Әйгерім Тілеужан "әуежайда тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен 4 жылға сотталды. Мамандығы мүғалім әрі белсенді Қалас Нұрпейісов, Алматының үш тұрғыны – Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев пен Жанайдар Кәрменов 8 жылға түрме жазасына кесілді. Сот оларды "тәртіпсіздік ұйымдастырды", "ғимаратқа шабуыл жасады", "тонау", "көлікті айдап әкетті" деп айыптады. Соталғандардың барлығы жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өтеуі тиіс.




Судья Кәкімжанов үкімді оқып болған соң "жиналғандар үкімді түсіндіруге мүмкіндік бермеді, сондықтан үкімді жариялау осымен аяқталды" деп залдан шығып кетті. Айыпталушылардың жақындары мен жақтастары "масқара!" деп айғайлап, сотпен келіспей қарсылық білдірді.


Сотталушылардың барлығы да өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарады.


- Ешқандай жаңа Қазақстан жоқ. Бұл істеп отырғандары әділетсіздік. Бірақ басымды имеймін, тіземді бүкпеймін. Отырып шығам. Күрес әлі жалғасады. Бұлар [прокурор] Асыловты ақтап алу үшін бізді соттады. Бұл жерде алдымен "20 мың террорист келді" деген [президен] Тоқаев пен бізді "экстремистік ұйымның мүшесі" деген Асылов жалған ақпарат таратқандары үшін сотталуы керек еді, - деді Әйгерім Тілеужан үкімнен соң.




Ал Дәлібаев Азаттыққа "тағылған айыптардың ешқайсысымен келіспейміз, жала мұның бәрі" деді. Өзгелері де пікір білдірмек болып еді, сот залындағы конвоирлер журналистерге кедергі келтірді. Ал Жанайдар Кәрменовтің залдағы ұлына "ақымақтық жасама" дегіні естілді.


Әйгерім Тілеужен барлық процесстерде жанында жүрген, үкімді тыңдауға келген анасын көпшілік арасында тауып алып, "жыламашы" деп бір сәт құшақтап тұрды. Бірнеше секундтан кейін залдағы полицейлер көзіне жас алған ана мен қызды екі жаққа ажыратты.


Биыл 5 қаңтарда парламентте сөйлеген бас прокурор Берік Асылов Тілеужан мен Нұрпейісовті "діни экстремистік ұйымының екі мүшесі" деп атап, екеуін "Қаңтарда әуежайды басып алды" деп айыптаған. Бұдан соң адвокаттар Асылов "кінәсіздік презумпциясын бұзды" деп, сотқа шағымданған. Бұл шағым алдағы уақытта қаралуы тиіс. 


Айыпталушылар былтыр 5 қаңтарда Алматы әуежайына барғандарын растайды. Олар "әуежайға елге шетел әскері келді деген соң бардық, аэропортты басып алмадық, ол жерде жарты сағат болып, тарап кеттік. Әуежайдағы тәртіпсіздікке қатыспадық" деген (Қаңтар қырғыны кезінде президент Қасым-Жомарт ТоқаевҰҚШҰ әскерін елге кіргізген).


"СОТТА АЙЫПТАР ДӘЛЕЛДЕНГЕН ЖОҚ"


Конвоирлер сотқа жиналғандарды залдан күшпен шығарғанымен, үкіммен келіспегендер наразылықтарын дәлізде жалғастырды. Олар "Ешқайда кетпейміз, осы жерде қонамыз! Жазықсыз адамдарды жіберіңдер!" деп тұрып алды. Дәлізде бірнеше адамның қан қысымы көтеріліп, кейбірі құлап, жедел-жәрдем шақыртылды.


- Сотта айыптар дәлелденген жоқ. Айыпталғандарға қарсы куәлік берген адамдар өз сөздерін қайтып алды. "Қысым болып, біз осындай куәлік беруге мәжбүр болдық, сондықтан өз сөзімізден бас тартамыз" деді. Олар бостандыққа шығады деген үміт болды, - деді соттан соң белсенді Абзал Достияров.




Ал сотты бақылаған белсенді Арайлым Назарова "Біз Әйгерім шартты жаза алуы мүмкін, ал жалпы ақталып шығады деп ойлап едік. Өйткені куәгерлердің барлығы сот кезінде өзінің куәліктерінен бас тартқан. Әйгерімнің кінәсін дәлелдейтін ешқандайда да айғақ жоқ еді. Барлық куәгер өз сөзінен бас тартқан еді. Соған қарамастан бүгін сот залынан қолына кісен салып алып кетіп бара жатқаны масқара" деп көз жасына ерік берді.


Сот залының дәлізінде жылап, ашуға булыққандар аз болмады. Арасында Қалас Нұрпейісовтің қарындасының баласымын деген жасөспірім де болды.


- Көкем әкемдей болып кеткен. Ол "қазақ, қазақ" деп жүретін еді, қазақты қорғап террорист болып кетеді деп ойламап едім. Бәріміз, бүкіл отбасымыз бүгін көкем шыға ма деп күткен едік, мен мұндайды күткен жоқпын. Түк істей алмаймыз енді, - деді жасқа булыққан жеткіншек.




Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптардың апелляциялық шағым түсіруге 15 күн уақыты бар. Үкімнен соң айыпталушылардың жақындары апелляциялық сотқа шағымданатындарын айтты. "Әуежайды басып алу" іс бойынша сот төрт айға созылды. Құқық қорғау ұйымдары "бұл іс жан-жақты тергелмеді" деп санайды. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылар Қазақстан билігін Қаңтар оқиғасына халықаралық тергеу жүргізуге шақырғанымен, Астана бұл ұсынысты қабылдамады.


Былтырғы Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаев мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында "Орталық Азияның бір қаласынан гастарбайтер ретінде келгісі келген бандиттерді кіргізу үшін Алматы әуежайына бандиттер мен террористер шабуыл жасады" деген еді. Алматы әкімдігі де "әуежайға шабуылдаған бандиттердің әрекеті олардың шетелде дайындықтан өткенін көрсетеді" деп мәлімдеген. Бірақ билік Алматы әуежайына 5 қаңтарда бандиттер шабуылдағанына нақты дәлел келтірмеді.


2022 жылы қаңтардың басында Жаңаөзендегі сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты басталған бейбіт наразылық кейін елдің басқа аймақтарында қолдау тапқан. Артынан бұл наразылық қырғынға ұласып, ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапты. Ақорда "мемлекеттік төңкеріске талпыныс" болды деген. Сарапшылар Қаңтар оқиғасына Назарбаев кланы мен Тоқаев арасындағы элитааралық тартыс себеп болды дейді. Назарбаев та, Тоқаев та мұны жоққа шығарған.


Загрузка...

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net