Қытай құрастырған алғашқы жолаушылар ұшағы рейс атқара бастады
Корпусы шағын ұшақты Қытайдың СОМАС әуе компаниясы құрастырған. China Eastern әуе компаниясы осы модельдің алғашқы экземплярын 2022 жылы желтоқсанда сатып алған. Сынақтан кейін ол көп ұзамай коммерциялық пайдалануға берілген.
Екі моторлы ұшақ эконом және бизнес-кластағы бортымен 164 жолаушыны тасымалдай алады. Ол орташа қашықтыққа ұшатын әуе кемелері санатына жатады және 5500 шақырымға дейін ұша алады. 2022 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, СОМАС-қа әлемдегі 32 компаниядан 1035 ұшақ құрастыру жөнінде тапсырыс түскен.
СОМАС өкілдерінің айтуынша, С919 моделі нарықта Boeing және Airbus ұшақтарымен бәсекеге түсе алады. Компания жылына 150 ұшақ құрастыруды жоспарлап отыр.
Ұшақ бөлшектерінің басым бөлігі Қытайда шығарылғанмен кейбір тетіктері Батыс технологиясына тәуелді: әуе кемесінің қозғалтыштары мен электронды жабдық кешені шетелден әкелінеді. Leap-1C қозғалтқышын америкалық General Electric пен француздың Safran компаниясының бірлескен CFM International компаниясы шығарады.