Шымкентте қойманың шатыры өртенді: бір адам зардап шекті
Шымкентте 21 мамырда сағат 15:28-де Ломоносов көшесінде жалпы ауданы 2400 шаршы метр қойманың шатыры 280 шаршы метр аумақты шарпыды.
if(window.innerWidth>480) { window.yaContextCb.push(() => { Ya.adfoxCode.createAdaptive({ ownerId: 264109, containerId: 'adfox_160136414229977809news350996', params: { pp: 'g', ps: 'cxuf', p2: 'gyph', insertAfter: "undefined", insertPosition: "0", stick: true, stickTo: "bottom-right", stickyColorScheme: "light" } }, ['desktop', 'tablet'], { tabletWidth: 830, phoneWidth: 480, isAutoReloads: false }); }); }else{ window.yaContextCb.push(()=>{
Ya.adfoxCode.createAdaptive({ ownerId: 264109, containerId: 'adfox_160136414229977809news350996', params: { pp: 'i', ps: 'cxuf', p2: 'gypi' } }, ['phone'], { tabletWidth: 830, phoneWidth: 480, isAutoReloads: false }); }); }Өртті сөндіру кезінде апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері 1983 жылы туған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның сол қолы алты пайыз күйік алған. Сағат 16:20-да өрт оқшауланып, 16:32-де жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Өртті сөндіруге жеке құрамның 50 адамы, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінен 11 техника және апаттар медицинасы орталығы филиалының төрт адамы жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!